Неліктен мұсылмандар күніне 5 уақыт намаз оқиды?

Неліктен мұсылмандар күніне 5 уақыт намаз оқиды?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Мен Өз құлдарыма Өзімнің парыздарымды білдірдім әрі оларды жеңілдеттім»

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Құлын (Мұхаммед Ғ.С. ды) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла, әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол, естуші, білуші» (17:1).

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай баяндаған:

«Қасиетті Қағба жерінде ұйықтап жатқанмын, алайда менің жаным мүлдем ұйықтамаған еді. Сол кезде: «Уа, Мұхаммед! Алла Тағала сені Өзіне шақырып жатыр», - деген Жәбірейілді көрдім. Мұны ести сала орнымнан тұрып, дәрет алып, сыртқа шықтым. Содан кейін көзі түскен жерге жетіп баратын Буракқа міндім. Біз Бейт әл-Мукаддасқа келдік. Менің алдымнан көркем бозбала бейнесіндегі Ислам шықты. Ол менімен амандасып, сыпайылық танытты. Маған намаз оқу бұйырылды. «Аса қадірлі Ибраһим имам болсын. Біз бірге намаз оқимыз», - дедім мен. Бірақ Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын былай айтты: «Имам болу құрметі саған берілген. Пайғамбарлардың рухтары менің артымнан тұрды, мен екі ракағат намаз оқыдым».

Имам Рази мен Имам Шафиғи (ол кісілерге Алла разы болсын) Миғраж тақуа Хадиша анамыздың үйінен басталған деп айтқан. Әбу әл-Лейс  Әбу Саид әл-Худриден былай келтірген: «Ардақты Пайғамбардан Миғраж кезінде не көргенін сұрап едім, Алла Елшісі маған келесіні әңгімелеп берді:

- «Жолда мен оң және сол жағымнан: "Уа, Мұхаммед!", - деген әлдебір дауыстарды естідім. Ал алдыңғы жақта сәнденген бір әйел өзіне көңіл аударуымды сұрады. Мен болсам ешбіріне де көңіл қоймай, өтіп кеттім. Содан кейін Иерусалимге келіп, Бурактан түстім. Сол жерде бір шығыршық болған. Пайғамбарлар сол шығыршықтан ұстап тұрды. Мен де ұстадым. Сосын мен мешітке кіріп, Жәбірейілмен бірге намаз оқыдым.

Мен одан былай сұрадым:

- Уа, Жәбірейіл! Жолда мен оң жағымнан әлдебір дауысты естідім. Ол не болды екен?

- Сені шақырған яһудилер болатын. Егер сен қарағанда, сенің үмбетің яһудилер болатын еді.

- Сол жағымнан да әлдебір дауысты естідім. Ол не болды екен?

- Сені шақырған христиандар болатын. Егер сен оларға көңіл бөлгенде, сенің үмбетің христиандардан болар еді.

- Ал анау әйел кім болды?

- Ол – осы фәни дүние. Егер сен оған қызығушылық танытқанда, сенің үмбетің ақиретті ұмытып, осы дүние үшін ғана өмір сүретін еді.

Осыдан кейін маған біреуіне сүт, біреуіне шарап құйылған екі тостаған әкелінді.

Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) былай айтты:

- Қайсысын ішкің келсе, соны іш.

- Мен сүтті іштім.

Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) сөзін жалғастырды:

- Алла Тағала сенің үмбетіңе Исламды сыйлады. Егер сен шарапты таңдағанда, сенің үмбетің тура жолдан таяр еді.

Содан соң саты пайда болып, мен көкке көтеріле бастадым». 

Аса қадірлі Анас біздің сүйікті Пайғамбардың  (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген:

- «Сол сатымен мен сидрат әл-мунтаха атты таңғажайып шекараға жеттім, оның төменгі жағында төрт өзен ағып жатқан. Оның екеуі - Ніл мен Евфрат жерде ағып жатса, ал екі қасиетті өзен Жұмақта ағып жатқан.

Сидрат әл-мунтаха — жапырақтары пілдің құлағындай, ал жемістері мұнарадай болып келетін ағаш.  

Сол жерде маған тәулігіне елу рет намаз оқу парыз етілді. Мен Мұса пайғамбарға бардым, ол маған былай айтты:

- Бар да намаз санын азайтуын сұра, әйтпесе сенің үмбетің шыдай алмайды.

Тәулігіне бес рет намаз оқу парыз етілмегенше, мен арлы-берлі жүрдім. Содан кейін Алла Тағала тарапынан бір дауыс естілді:  

«Мен Өз құлдарыма Өзімнің парыздарымды білдірдім әрі оларды жеңілдеттім». Алғашында Ол тәулігіне елу уақыт намаз оқуды талап етсе, кейін Өз мейірімінің арқасында намаз санын беске қысқартқан, тек осы бес уақыт намаз үшін күнделікті елу уақыт намаз оқығандай сауап берілетін болған.  

Егер кімде-кім бір жақсылық жасауға ниеттеніп, оны жасаса, оның амал дәптеріне он сауап жазылатын болады. Осы жөнінде Қасиетті Құранда былай айтылған:

«Кім бір жақсылық келтірсе, оған сондай он есе бар» (6:160).

Кімде-кім зұлымдық жасаса, оған бір ғана күнә жазылатын болады. Егер зұлымдық жасауға ниеттеніп, бірақ жасамаса, оған ештеме жазылмайды, тек жаны перделеніп тұратын болады.

 "Ануарул-ашиқын" кітабынан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: