Сауд Арабиясында әйелдер мотоцикл жүргізуге рұқсат алды.

Сауд Арабиясында әйелдер мотоцикл жүргізуге рұқсат алды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясында әйелдер 2018 жылы автокөліктермен қатар жүк көліктері мен мотоциклдерді жүргізе алады, деп хабарлайды Arabian Business.

Сауд Арабиясының көлік басқармасы әйелдерге арналған автокөлік құралдарына тыйым салуды жою жайлы жаңа ережелер туралы толық мәлімет жариялады. Қыркүйек айында Корольдік жарлық шығарған болатын, оған сәйкес 2018 жылдың маусым айынан бастап әйелдер көлік жүргізе алады.

Көлік басқармасы әйелдердің жүк көліктері мен мотоциклдерді басқара алатындығын жеткізді, сондай-ақ көлік жүргізу туралы заңнаманы «ерлер мен әйелдерге бірдей» деп бағалайды, деп хабарлайды РИА Новости.

asyldin.kz


Алла Тағала былай деді: «Үйлеріңде отырыңдар, әрі надандық дәурінде жасанатындай жасанбаңдар»(«Ахзаб» сүресі, 33-аят).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: