Салауат шариф

Салауат шариф

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір күні яһудилердің бірі екі өтірікші куәгер табады да пайғамбарымыздың жанына барып былай дейді:

 – Ей, Мұхаммед! Сахабаларыңнан пәлен кісі менің түйемді ұрлап алды. Оны көрген куәлар да бар, міне олар. Пайғамбарымыз куәлардан сұрағанда «иә, дұрыс айтады» деп растайды. Кейін сахабаларынан болған ол кісіні шақыртып оған былай дейді:

– Саған шағым түсті.

–Не болды, Йа Расулаллаһ?

–Сен осы өткенде түйе ұрлапсың.

–Мен бе, кімнің түйесін?

–Міне, мына яһудидің түйесін.

– Ол түйені мен сатып алдым, ұрлағам жоқ.

–Жарайды, ал сенің сатып алғаныңды көрген куәгерлер бар ма?

– Ей, Расуаллаһ, мен осы біраз бұрын ғана алдым, әлі ешкім көрген жоқ.

– Мына куәлар түйенің яһудидікі екендігін айтты. Сондықтан түйе яһудиге берілді.

Осы кезде бұл мүбәрак сахаба пайғамбарымыздан «Ей, Расулаллаһ! Маған аз уақыт бересіз бе?» – деп өтінеді. Кейін мешіттің бір бұрышына 2 рәкат намаз оқып қолын ашып дұға етеді: «Йа Раббым! Мен күнде жатар алдында пайғамбарымызға (с.а.у.) 10 салауат оқимын. Йа Раббым, егер сенің құзырыңда осы оқыған салауаттарым қабыл болса, мені бұл қиыншылықтан құтқара гөр! Мен бұл түйені сатып алдым, бірақ куәгерлер яһудидікі екенін айтуда».

Сахаба қайтып келгенде түйе орнынан тұрып: «Ей, Расулаллаһ! Бұл екі яһуди өтірік айтып тұр. Мен мына кісінің түйесімін,» –деп тілге келеді.

Түйенің сөйлегенін көрген яһуди және куәгерлері қорыққаннан тұра қашады. Олар кеткеннен кейін пайғамбарымыз (с.а.у.) мүның себебін сұрағанында сахаба былай дейді:

– Ей, Расулаллаһ! Менің бір әдетім бар. Әр түні жатудан алдын сізге 10 салауат айтамын. Алла Тағала бұл 10 салауатты қабыл етіп, түйеге тіл бітірді.

Сондай пай,амбарымыз (с.а.у.) былай деп бұйырады:

–Сенің маған әр түні 10 салауат оқығаның үшін Алла Тағала дүние кезіңде сені бұл құтқарғанына қарағанда ахыретте жаһаннам отынан да құтқарады. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: