Британдық тарихшы Эндрю Уайтхед аты шықпаған, бірақ үлкен қызығушылық тудыратын мұсылман жамағатымен кездесу мақсатында Индияның колониясы болып табылатын Кашмирге сапар жасады. Уайтхед сан мәрте Кашмирде болғанымен, тибет мұсылмандарына жолықпаған.
Сринагарда екі мыңнан астам тау мұсылмандары тұрады. Наби (с.а.с.) үмметінің біршама бөлігі тибет астанасы Лхасада өмір сүргенімен, жамағаттың көбісі индиялық Кашмир жағынан пана тапқан. Жергілікті тұрғындардың ауызында жүрген "тибет колониясын" іздеп жүріп, тарихшы мешітке бет алған бір топ мұсылмандармен кездеседі. Топ ішіндегі ерлер мен әйелдер шариғи шарттарға сай киінгенімен, олардың сыртқы келбеті тибеттіктер екені білдіріп тұрды.
Жергілікті кәсіпкер және жас мұсылмандар ұйымының жетекшісі Насир Кази британдық сэр үшін жергілікті жерге экскурсия жасап берді. Экскурсия барысында тарихшыны жамағаттың қаражатына Кашмирлік балалар үшін соғылған мектеппен таныстырды. Тибет мұсылмандары өзінің көшбасшысы ретінде Далай-ламаны мойындамағанымен, мектептерінде оның портреттері ілініп тұр. "Біз оны силаймыз және оның тұлғалық қасиеттеріне баға береміз", - деді Кази.
Тибет аймағы Ислам дінімен осыдан төрт жүз жыл бұрын "Жібек жолы" арқылы жасалған сауда-саттықтың себебінен танысты. Кейінірек жергілікті жерде Хақ діннің кемелденуіне Қытайдағы коммунизмнің құрылуы кедергі болды.
asyldin.kz
Алла Тағала: «Егер Мен құлымның екі сүйіктісін алып сынасам, ал ол оған сабыр етсе, онда Менің тарапымнан ол үшін оның сауабы, Жәннәт болады» деген. (Бұхари).