Қасиетті жұма күні Шу аудандық "Төле би" мешітінде мәуліт мерекесі аталып өтті. Мерекенің негізгі мақсаты - Пайғамбарымыз (с.а.у.) сүннеттерін насихаттау, салауаттар айту, мешітке келген жамағатқа имандылық, инабаттылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отан сүйгіштікке, бауырмалдылыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру болып табылады.
Жунайд Бағдади: "Кімде-кім" Пайғамбар (с.а.у.) мәулітіне қатысып, оны ұлықтаса, ол шынында иманды" - деген.
Хасан әл-Басри (р.а.): "Менің ухуд тауындай алтыным болса, оны Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Мәулітін оқытуға жұмсаған болар едім" - деген.
Аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят Алмаханов және ауданымызға қарасты Амангелді ауылдық мешітінің молдасы Ә.Абдраймов мәуліт оқып, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмір тарихын айтып, жиналған жамағатпен Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат оқыды.
Келген көпшілікке Пайғамбарымызды (с.а.у.) тану жайында парақшалар және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүйікті жемісі құрма таратылды.
Осындай діни мерекелер алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі.