Көз тиюге қарсы қалай дем саламыз?

Көз тиюге қарсы қалай дем саламыз?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көз тиюге қарсы дем салу  

Айша (оған Алла разы болсын): «Алла Елшісі  ﷺ маған көз тиюге қарсы дем салдыруымды бұйыратын», – деп айтқан (Муслим).  

Жәбир ибн Абдуллаһтан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Алла Елшісі ﷺ Хазмның отбасына жылан(шаққанға) қарсы дем салуға рұқсат етті. Сондай-ақ ол (бірде) Әсмә бинт Ғұмайстен: «Неге мен бауырымның балаларының денелері арық екенін көремін, олар ауырып жүр ме?» – деп (сұрады). Ол: «Жоқ, бірақ оларға көз тиіп жүр», – деді. (Сонда Пайғамбар ﷺ) «Оларға дем салдыр», – деді», – деп айтқан.

Мұнда Пайғамбарымыздың ﷺкөкесінің ұлы Жағфар ибн Әбу Талибтің (оған Алла разы болсын) балалары туралы айтқан.   (Әсмә бинт Ғұмайс): «Мен (балаларымды Пайғамбарға (ﷺ) көрсеткен едім, ол: «Бұларға дем салдыр», – деп айтты», – деген ( Муслим).

  Пайғамбардың (ﷺ) жұбайы Умму Сәләмәдан (оған Алла разы болсын). Алла Елшісі (ﷺ) әйелі Умму Сәләмәның үйінде бір қыздың бетінен теңбіл дақ көріп: «Бұған көз тиіпті, дем салдырыңдар», – деген. Яғни ол (қыздың) бетінде сарғыш реңк бар еді (Муслим).

Жындарға қарсы оқылатын сүре  

    Әбу Саид әл-Худри (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың ﷺ адамдар мен жындардың кесірінен Аллаға сыйынатын. Кейіннен Аллаға сыйынып, қорғау тілейтін сүрелер түсіріледі де, ол қалған дұғаларды қалдырып, осы сүрелерді айтатын болғанын жеткізеді. (Тирмизи). Әбу Мусадан (оған Алла разы болсын): «Сен бүгінгі түнде түскен аяттардай аяттардың болмағанын, көрмей тұрсың ба? Бұлар – “Қул ағузу бир-Робил фалақ…” және “Қул ағузу бир-Робин-нас…”(«Фалақ» және «Нас сүрелері) (Муслим).

Ер адамның өз отбасына ауырған кездерінде дем салуы  

Айшадан (оған Алла разы болсын): «Алла Елшісі ﷺ біреуіміз ауырсақ, оны оң қолымен сипап: «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), уәшфи, Әнтәш-Шәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақама(н) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен – шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер)», – деп айтатын.    

Алла Елшісі ﷺ науқастанып, жағдайы ауырлаған кезде, өзі жасайтынды жасау үшін оның қолынан ұстадым. Сонда ол қолын менің қолымнан тартып алып: «Уа, Алла! Мені кешір және мені ең жоғарғы серікпен бірге ет», – деді. Мен оған қарай бастадым, сөйтсем, ол үзіліп кеткен екен». (Муслим). Әл-Жауһари мұның Жәннат екенін айтқан. Бұл Әбу Исхақтың: «ең жоғарғы серік – Жәннат» деген хабарымен нақтыланады (қ.: «Фатх әл-Бәри»).   Айшадан (оған Алла разы болсын). Алла Елшісі ﷺ: «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), бийәдикәш-шифә(у), лә кәшифә ләһу иллә Әнт(ә) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа Сенің қолыңда, Сенен өзге оны кетіруші жоқ)» (деген) сөзбен дем салатын ( Муслим).

Қонаққа барғанда не далада қонғанда жындардың әрі улы жәндіктердің кесірінен сақтау үшін мына дұғаны оқуы керек  

Хаула бинт Хаким әс-Суләмия (оған Алла разы болсын): «Алла Елшісінің ﷺ: «Кімде-кім бір орынға түскенде: «Аъузу бикәлимәтилләһит-тәммәти мин шәрри мә халақ(а) (Аллаһтың жаратқандарының кесірінен Оның толық сөздерімен пана сұраймын)» десе, оған сол орнынан кеткеніне дейін ештеңе зиян тигізбейді», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим). Құран мен сүннеттегі кеселдерді емдеуге байланысты дұғалар мен аяттардан бөлек басқа да  шаралар бар

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: