Ертеде бір жолаушы қалын орманға кіріпті. Жыртқыш аңның дауысын естіген ол, қорқып ағаштың үстіне өрмелеп шығады.
Әлгі жыртқыш келіп, төменде әрі-бері жүріп, кетіп қалады. Жолаушы төмен түсіп, сапарын әрі жалғастырады. Сөйтіп біраз жүрген соң бір ағаштың түбінде демалып жатқан адамға кезігеді. Оның мына ну орманда жан-жағына алаңдамай еркін ұйықтап жатқанына қайран қалады.
– Сен мұндағы жыртқыштардан қорықпайсың ба? Жатысың тым жайлы екен? – деп сұрайды. Ұйқыдан оянған жолаушы:
– Құдайдан басқа нәрседен қорқайын десем, Алладан ұялып жатырмын – деп жауап берген екен.
Түйін: «Ұят – иманнан».
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ