Жұма намазының хұтпасы жайлы не білеміз?

Жұма намазының хұтпасы жайлы не білеміз?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хұтпаның уәжіптері

1. Хұтпаны тік тұрып және адамдарға қарап оқу.
2. Кіші және үлкен дәретсіздіктен таза болу.
3. Әурет жері жабық болу.

Хұтпаның сүннеттері

1. Хұтпаны екіге бөлу. Екі хұтпаның арасында бір тәсбих және үш аят оқитындай уақыт отыру. Сол себепті, бұны «хұтпа» деп атайды.

2. Бұл екі хұтпаның әрбірі – шәһадат сөздерін, салауатты қамту керек. 

3. Бірінші хұтпа – бір аят және насихатты, екінші хұтпа мұсылмандар жайлы дұғаны қамту керек. Екінші хұтпада хұтпашының даусы – бірінші хұтпадан төмен болуы керек. Бұлар хұтпаның сүннеті.

4. Екі хұтпаны ұзатпау.

5. Хұтпашы мінберге шыққан кезде оның алдында азаншы азан оқиды. Хазіреті Пайғамбар заманында оқылған азан осы.

6. Хұтпашы азаннан кейін тұрып, құпиялай әғузуды оқып, жариялай Алла Тағалаға мадақ айтып, хұтпасын жамағатқа қарап оқиды.

7. Хұтпа біткен кезде қамат айтылады. 

Жұма намазы ауылдық жерлерде де оқылатыны жайлы бұрыннан рұқсат берілген. Бір ауылда тұратын адам қалаға келіп, жұма уақытына дейін қалуды ниет етсе, оған жұма намазы – парыз. Бірақ жұмадан бұрын кетуге ниет етсе, парыз емес. Жұма уақыты кіргеннен кейін шығуды ниет етсе, басым көпшіліктің көзқарасы бойынша, парыз болмайды. Ауылға көліктің ерте кетіп, басқа бір көліктің болмауы секілді себептерге байланысты, жұманы күтпесе де болады. Бесін намазын оқыса, жетіп жатыр. Жұма күні жолға шығуға болады. Бірақ түстен кейін жұма намазын оқымай шығуы – мәкрүһ. Жұма күні тәкбір айту, жуыну, хош иіс жағу, мисуак қолдану, жақсы киім кию – мұстахап. Жұма күні азан оқылған кезде себепті жағдайы болмағандардың істерін тоқтатып, мешітке дереу баруы – уәжіп. Жұма күні мешітке ерте бару, екі рәкат намаз оқу, «Кәһф» сүресін оқу немесе тыңдау – мәндүп.

Хұтпашы мінберге шыққан кезде, жамағаттың тыныштық сақтауы, сәлем алып, сәлем бермеуі, нәпіл намаз оқымауы керек. Жұманың екі сүннетін оқып қойса, қалғанын тезірек уәжіптерін бұзбай бітіру қажет. Тіпті хұтпада Пайғамбарымыздың (с.а.у.) аты айтылса да салауат айтпай үнсіз қалу – абзал. Бірақ Әбу Юсуп бойынша, іштей салауат айтылады.

"Исламғылымхалы" кітабынан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (7)

Оқи отырыңыз: