Бір салауат айтқан адамның сауабы осындай болады...

Бір салауат айтқан адамның сауабы осындай болады...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту арқылы адам қандай сауап алатындығы жайлы былай айтылады:

 Бірінші хадис:

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Кімде-кім маған бір рет сәлем айтса, оған Алла Тағала он сәлем айтады, оның он күнәсін кешіреді, оны он дәрежеге көтереді».

Екінші хадис:

Шейх Әбу әл-Хасан Әли Яхья Бұхари Әбу Хурайрадан (оған Алла разы болсын) келтірген. Ешбір мүмін мәртебелі Елшіге сәлем бере алмайды. Алайда Алла Тағала мүміннің айтқан салауатын Алла Елшісінің қасиетті жүрегіне жеткізіп  тұратын бір періштені сайлаған, ол айтады: «Уа, Алла Елшісі! Осындай адамның ұлы саған бір рет салауат айтты». 

Аса қадірлі Елшілердің Сұлтаны періштеге былай бұйырады: «Менен оған он сәлем айт және де оның айтқан бір салауаты менімен Жұмаққа кіруге жеткілікті деп айт».

Сосын ол сұқ саусағын ортаңғы саусағымен қосып, былай айтқан: «Ол менің шапағат етуіме лайық». Егер періште кетпей тұрып мүмін он салауат айтса, Алла оған он сәлем айтып, он күнәсін кешіріп, періштеге былай бұйырады: «Менен сол мүмінге он сәлем айт, егер ол бір салауат айтса да оның Тозақтан құтылуына жеткілікті болар еді деп айт».

Осыдан кейін ол былай жалғастырады: «Менің Сүйіктіме салауат айтқан мүмінге қошемет көрсетіңдер де оны Иллиюнға жеткізіңдер». Содан соң Алла салауаттың әрбір әрпінен бір періштеден жаратады, оларда үш жүз алпыс бас болады, әрбір баста – үш жүз алпыс бет, әрбір бетте — үш жүз алпыс тілден болады. Әрбір тіл басқаларына ұқсамайтын сөйленісте сөйлейтін болады. Әрбір періште Қиямет күніне дейін Алла Тағаланы барлық тілдерде дәріптейтін болады, ал осы үшін болған сауап, сол салауатты айтқан мүміннің амалдар кітабына жазылатын болады.

Үшінші хадис:

Анас ибн Мәлік келтірген, бір күні Тальха Ансари (оған Алла разы болсын) жаратылғандардың Бастаушысына келіп, Алла Елшісінің қатты қуанышты екенін көреді. Қуанышының себебін сұрағанда, ол былай жауап берген екен: «Әй, Әбу Тальха, неге мен қуанбайын? Жаңа ғана Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) келіп, мейірімге жомарт Алладан қуанышты хабар әкелді. Маған бір салауат айтқан әркімге Алла он салауат жібереді, яғни, он мейірімге бөлейді, он күнәсін кешіреді әрі оны он дәрежеге көтереді».

Ал «Масабихте» мына нұсқада келтірілген: Алла Тағала былай айтқан екен: «Әй, Мұхаммед! Саған бір салауат арнаған әркімге, Мен он салауат жіберемін, саған бір сәлем жолдағанға, Мен он сәлем жіберемін, сен соған разымысың?».

 Төртінші хадис:

Фиқһ саласындағы ғалым Әбу Мәлік Насрулла ибн ан-Наср (оған Алланың рақымы болсын) «Тәжулмузаккиринде» Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Егер кімде-кім маған салауат айтса, Алла оған он салауат береді. Жақын көктің періштелері Алла Тағаланың айтқан салауатын естіп, жүз есе салауат айтады.

Екінші көктегі періштелер естіп, екі жүз салауат айтады, үшінші көктің періштелері - мың, алтыншы көктің періштелері — алты мың, жетінші көктің періштелері – жеті мың салауат айтады.  Сонда Алла Тағала айтады: «Менің Сүйіктіме айтқан салауаттың берекеті үшін, Мен Өз құлыма көп сауап жаздым, барлық күнәсін кешірдім әрі оны таза-пәк еттім».

Бесінші хадис:

«Риядулмузаккиринде» Әбу Ахмад Зейд ибн Ахмад ибн Зейд (оған Алланың рақымы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Алла Тағала үш нәрсеге есту қабілетін берген. Солардың біріншісі - Жұмақ, менің үмбетімдегі әлдекімнің Алладан оны Жұмаққа кіргізуін сұрап тұрғанын естиді де былай айтады:

- Уа, Раббым, мені қалап тұрған құлды маған келтірші.

Екіншісі - Тозақ, әлдекімнің одан құтылғысы келгенін естіп, былай айтады:

- Уа, Раббым, мына құлыңды менен құтқара гөр!

Үшіншісі — менің қабірімнің басында тұратын періште. Менің үмбетімдегі әлдекімнің маған салауат айтқанын бірден естіп, былай айтады:

- Уа, Алла Елшісі, сондай бір адам саған салауат айтты.

Егер кімде-кім маған салауат айтса, онда Алла да оған бір салауат айтады және сол адам ешбір жағдайда Тозақ отына тасталмайтындығына Ұлы да Құдіретті Алла кепіл болған».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (4)

Оқи отырыңыз: