Жамбылдың жеті кереметі
Тараз қаласындағы орталық «Һибатулла Тарази» мешіті Жамбыл облысының ең басты көрнекілігі атанды
Тараз қаласы «Баласағұн» орталық концерттік залында Жамбыл өңіріне қарасты «Облыстың 7 ғажайыбы» байқауы мәресіне жетті. Бұл байқаудың негізгі мақсаты - жергілікті тарихи-мәдени жәдігерлер мен ескерткіштерді насихаттау болатын. Өйткені тамыры тереңге тартқан Тараздың тарихын таныстырар кесенелер мен ескерткіштер молынан кездеседі. Сондықтан да халықтық байқау жұртшылық арасында кеңінен қолдау тапты. Интернет желісі арқылы қазан айынан бері 10 мыңнан астам дауыс жиналды. Нәтижесінде ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші «Айша бибі» кесенесі де есепке алынды. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.
Сонымен қатар, Қарахан кесенесі, Ақыртас, Меркі түрік ғибадатханасы, Ақ кесене мен Көксай арнасы, 2009 жылы салынған «Һибатулла Тарази» орталық мешіті «Жамбылдың жеті ғажайыбы» деп танылды.
Тарихи-мәдени мұра - халықтың тарихи тағдырының аса маңызды айғағы. Халықтың бүгінгі және болашақта дамуының негізгі шарты әрі бүкіл адамзаттық өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде ол барлық қауіп-қатерден тұрақты түрде қорғап отыруды талап етеді. Қазақстан Республикасында мұны қамтамасыз ету барлық азаматтардың адамгершілік борышы мен міндеті болып табылады.
Облыс бойынша 1175 тарихи-мәдени ескерткіштер бар, оның 28-і республикалық дәрежеде. Олардың 1038 археологиялық, 137-қала құрылысы және сәулет ескерткіштері болып табылады. 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп сәулет ескерткіштерінің інжу маржаны болып саналатын Айша Бибі кесенесі, Шоқай Датқа мазары, Үшарал мешіті қайта қалпына келтірілді.
Облыстағы археологиялық ескерткіштерді қайта жаңғырту мақсатында Ақыртас сарай кешені, Меркі, Жайсан түркі кешендерінде археологиялық ғылыми зерттеу және қазба жұмыстары жүргізіліп, Жайсан даласынан 27 мемориалдық түркі кешендері, Меркі тауынан 70-тен аса тас мүсіндер орнатылған қорғандар табылып, есепке алынды.
«Һибатулла Тарази» мешіті
Көне Тараз қаласының көркіне айналғалы тұрған қазіргі жаңа зәулім орталық мешіт Бішкек пен Ташкент қалаларын жалғастырып жатқан облыс астанасын жарып өтетін ежелгі Жібек жолының басына орналасқан. Мешіттің жалпы ауданы 2324,2 шаршы метр, пайдалы көлемі әйелдер намаз оқитын бөлмені қосқанда 947,2 шаршы метр. Мешіт 1024 адамға арналған. Айт және жұма намаздарында мешіттің төменгі қабатын пайдалануға болады, онда 2000 адамға дейін намазға жығылуға мүмкіндік туады. Мешіт қабырғасының биіктігі 16,7 метр, төменгі қабатының биіктігі 4,2 метр. Екі бас мұнараның биіктігі 47 метрден. Мешітте жеті күмбез бар. Негізгі үлкен орталық күмбездің биіктігі 32,5 метр. Мешіттің төменгі қабаты екі қалашық десе де болғандай. Онда жылу жүйесі мен арнайы автоматты қондырғы бар. Қысқы киім шешетін орын да орналасқан. Жоғарыда намаз оқитын үлкен залға бара - бар мұнда да зал бар. Мешітке жалғастыра салынған екі қабатты медресе кешенінде Имам мен найб имамдар отыратын бөлмелер, алқа мүшелері отыратын бөлме, құран оқитын бөлме, кітапхана, демалыс, неке қию, сүндетке отырғызу бөлмелері, асхана бар. Ерлер мен әйелдер дәретханалары да мешіт пен медресеге жалғаса орналасқан. Мешіт құрылысы облыс әкімі Серік Әбікенұлы Үмбетов мырзаның басшылығымен 2003 жылы маусым айында басталып, осы кездегі облыс әкімі Бөрібай Биқожаұлы Жексембин уақытында қала әкімі Ілияс Әлімұлы Тортаевтың қадағалауымен2007 жылы 27 сәуір қасиетті жұма күні ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаев және Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі шейх пен облысымыздың құрметті ақсақал ардагерлердің қатысуымен ашылды. Мешіт бұқара халықтың қаржы жинауымен салынған.
Айша бибі кесенесі
ХІ-ХІІ ғасырлармен мерзімделетін сәулет өнерінің үздік нұсқасы Айша бибі кесенесі Тараз қаласынан 17 шақырым жерде Жамбыл ауданының Айша бибі ауылында орналасқан.
Кесене жобасы шаршы формалы бұрыштарында коллоналары бар құрылыс. Кесене қабырғаларының сыртқы жағы қолдан ойылған ою-өрнектері бар 62 түрлі терракот қыш тақталармен көмкерілген. Әр қилы үйлесім мен нұсқалардан тұратын, түрлі өсімдік гүлдері мен геометриялық түрлер сарынындағы өрнектерге бай. Бұл орталық Азия мен Қазақстандағы өнбойы ою-өрнектермен көмкерілген жалғыз ескерткіш.
Сондықтан да Айша бибі кесенесі қазақ халқының ежелгі ою-өрнегін сақтаған мұражай іспетті. Қабырғаларының ортасында жебе бейнелі иіндермен көмкерілген терең қуыстар бар. Колонналардың жоғарғы жағы ваза түрінде жасалған. Бұрыш колонналары, жоғары қарай сүйірлене жасалған белдеушелері өсімдік гүлді оюлармен өрнектелген терракот қыш тақталардың 18-ші қаланымында (3,4 м. биікте) арабтың куфа әріптерімен оюланған «Күз...бұлттар...жер ғажайып...» деген тылсым сөздер жазылған. Кесененің ішкі жағында жер бесік тұр.
Кесене құрылысына антисейсмикалық мақсатта арша ағашы пайдаланылған.
Жерленген адам туралы тек аңыздар ғана сақталған. Аңыздардың бірінде Тараз билеушісі Қараханға іңкәрлік сапары кезінде жылан шағып, қайтыс болған, Зеңгі баба мен Ануар бегімнің ару қызы Айша бибі туралы айтылады. Аңыз бойынша - Қарахан өзінің сүйіктісіне арнап керемет кесене салдырған.
Біздің ғажап өлкемізге аяқ басқан әрбір адам мұсылман әлемі құрмет тұтатын, «әулие орын» деп аталған ортағасырлық сәулет өнерінің інжу-маржаны Айша бибі кесенесіне ат басын бұрмай өтпейді.
Ал, жастар болса Айша бибі кесенесіне мәңгілік махабаттың, таза сезімнің, пәктіктің символына айналған киелі орын ретінде, мінәжат етіп келіп-кетіп жатады.
Ғасырлар тереңінен біздің заманымызға дейін кесененің батыс жақ қабырғасы мен оған жапсарлас қабырғаларының қалдықтары ғана жеткен. Қаншама жылдар бойы археологтар, сәулетшілер, жаңғыртушы-реставраторлар кесенені қайта жаңғырту туралы пікірталас жүргізді. ХХІ ғасырдың басында ол уақытта келіп жетті. Бұл жұмысты республикалық «Қазқайтажаңғырту» мекемесінің Түркістан филиалындағы мамандары үш жыл ішінде, 2002-2005 жылдар аралығында аяқтап шықты. 2005 жылдың көктем айында кесене өзінің алғашқы қайталанбас көз қуантарлық ғажап келбетіне енді.
Қарахан кесенесі
Тараз қаласының орталығында орналасқан (Төле би мен Байзақ батыр көшелерінің қиылысы), ортағасырлық рабад аумағындағы діни-мемориалдық кешенге кіреді. Кесене Қараханидтер әулетінің көрнекті тұлғасының бірі - Шах Махмуд Қараханға арналып салынған. Кесенені салушы шебердің аты-жөні тарихта сақталмаған. Кесененің алғашқы нұсқасы біздің заманымызға жетпеді. 1906 жылы жергілікті тұрғындардың күшімен алғашқы кесененің орнына қайта салынған, алайда оның сәндік өрнектері жойылған. Кесененің алғашқы келбеті мен сәулеттік құндылығын тек 1902 жылы түсірілген фотосуреттен ғана көре аламыз. Суретте кесене шаршы формалы. Бас қасбетінде кірпіштен өрілген өрнектер бар. 1961 жылғы қазба жұмыстары кесенені сәндеу үшін 30-ға жуық түрлі терракоттар пайдаланылғанын анықтады. Кіре беріс иіні сүйірлене қаланып колоннаға тірелген. 1836-1936 жылдар аралығында қаламыз Қараханның құрметіне Әулиеата деп аталды.
Қазір бұл жер бесік орналасқан орталық залы, үш бұрышында үш худжра бөлмелері бар порталды-күмбезді құрылыс. Қарахан кесенесінің қабырғалары патшалық кезеңінің кірпіштерімен өрілген. Күмбезі мен аркалық ойықтары ғана ХІ ғасырдағы кірпіш-плиткалармен салынған. Кіре беріс маңдайшасында: «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі»- деген Құран сөздері өрнектелген.
Соңғы қайта жаңғырту жұмыстарын Тараз қаласының 2000 жылдық мерекесіне орай 2002 жылы республикалық «Қазқайтажаңғырту» мекемесі жүргізді.
Ақыртас сарайлық кешені
Ақыртас Жамбыл облысының және Қазақстан территориясында қызықты және құпиялы орындардың бірі. Оның салыну тарихы, құрылысының авторы жайында ешқандай дерек жоқ. Бұл бір орасан, жоспары батыл бітпей қалған ғимарат кең ішкі ауланың төңірегіне шоғырланған үйлер кешенінен тұрады. «Ақыртас» түрлі қызықты, керемет аңыздар бар. Қазақстан мен шетелдердің біраз ғалымдары осы ғимарат жөнінде өз жобаларын ұсынды. Бұл бірегей сәулет кешені Қазақстанның, түркі мемлекеттерінің Таяу және Орта Шығыс мемлекеттерімен Ұлы Жібек жолындағы ерте, орта ғасыр кезеніңде саяси және мәдени байланыстарын анықтау үшін әлі зерттей түсуді талап етеді.
2004 жылы Ақыртаста қаланың ежелгі келбетің қалыпқа елтіретің реставрациялық жұмыс басталды. Көптеген көріпкелдер Бермуд үшбұрышының үшінші нүктесі осында дейді. Ақыртастың қираған үйіндісі қазіргі Тараздың шығысына қарай 40 шақырым қашықта орналасқан. Қызыл құмдақтың үлкен кесектері жер астынан шығып, айрықша қатарларға топтастырылған, ғалымдардың тәжірибелі көздері бөлмелерді, лектерді, мұнараларды сұлбаға байланастыра алады, олар ғажайып көріністерді талай рет көрген әуесқойларды таңғалдырады. Қызыл тас жиынтықтармен жайылған кең аумақ орасан зор құрылыстың көлемі туралы мәлімдейді. Елестеу үстіге көтеріліп бара жатқан қабырғалары бар сарайды суреттейді. Ақыртас тарихы 130 жыл зерттеліп және қазір де зерттелуде. Қазіргі уақытта комплекс территориясында ҚР ҰАҒ археология этнографиясы институтымен басқарылған археологиялық қазбалар жүргізілуде. Бұдан ірі «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында музейлік комплексті құру жоспарланды. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынған соңғы мәліметтер бойынша Ақыртасты Ұлы Жібек жолындағы ортағасыр қаласы Қасрибаспен теңестіреді. Ғалымдардың көпшілігі ойларынша Ақыртас 1714-1715 ж.ж. араб қолбасшысы Күтейбі бұйрығымен салынған. Сарай комплексінің іргетасының тереңдігі 4 м құрайды.
Ақ Кесене бекінісі
10-12, 17 ғ.ғ. (археологиялық, сәулет) Ауылдан солт-батысқа қарай 35 шақырымда, а. солт-батысқа қарай 21 шақырымдағы шөл далалы мекендегі кеуіп кеткен каналдың жағ. орналасқан. 1896 ж. В.А.Каллаурмен, 1945, 1949 ж.ж. - Жамбыл облысы тарихи - өлкетану мұражайымен (Л.И. Ремпель мен Г.И. Пацевич, өлшемдері Г.В. Исхакова), 1980 ж. «Қазжобажаңғырту» жұмыстарының нәтижесінде материктік сары топырақта іргетассыз бекіністің салынғаны анықталды. Бұрыштарымен жарық жағына қарай бағытталған, бұрыштарында мұнаралары бар, биіктігі 2,5-3 м пасхалы қабырғалармен қоршалған тік бұрышты (21 х 22 м) алаңқай, Ақ Кесене деген атымен белгілі шығыс мұнара дөңгелектеу келген, диаметрі 11 м іргедегі 14 м биіктіктегі сақталған пішінмен бөлінген; тік қимада конус тәріздес пішінге ие. Баспалдақтар мен жоғарыға қарай шығатын бұранда пішінді сатының сыртқы жиынтықтарының қалдықтары сақталған. Қалаудың жүйесі «плашмялы» үш қатарлы «қабырғалы» кірпіштік қатардың жүйелі кезектесуі. Батыс мұнара, сондай-ақ диаметрі 43 м, дөңгелектеніп келген пасха қабаттармен бір уақытта қамал қабырғасы анықталған, қалыңдығы 3 м қамал қабырғасының бір бөлігі ашылған, еңіс өрлеулі, ені 1 м бекініске кіру есігі анықталған; бекіністің мерзімі 10-12 ғ.ғ. болып айқындалған. Мұнараның құрылысы 17 ғ. қатысты.
Ақ Кесенеге 2007 - жылдан бастап «Қазаққайтажаңғырту» мекемесінің шеберлері Қ. Тұяқбаевтың басшылығымен жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар 2008 жылдың соңына қарай аяқталуы керек деп жоспарлануда.
Көксай шатқалы
Көксай шатқалының етегі Ақсу-Жабағылы табиғат қорығының буферлік аймағы болып табылады да, Оңтүстік Қазақстан облысына бағынады. Қорық аумағында Қызыл кітапка кіпген 16 бұталы-шөпті өсімдіктерді кезектіресіз. 238 құс түрі мекендейді. Бұл аймақ, биологиялық құндылықтарға толы: тоғайлар, арша тоғайлары, таулы альпі шалғындары шалғынды далалармен алмасып отырады. Тоғайларда қайыңның жойылып бара жатқан түрлері (талас және тянь-шань қайыңдары), ұусақ жапырақты тас, Түркістан рябинасы, ағашты және бұталы аршалар өседі.
Таулы далалар мен шалғындар түр кұрамына бай, олар бағалы сәндік және дәрілік өсімдіктердің тектік коры болып табылады. Мәселен: мыңжапырак, зверобой, зезифира, сиыршан, самарқант тмині, кипрей, ромашка, мускат шалфей, хвощ эфедрасы, қызғалдақтардың түрлері, қоңыр-қауыл сушөбі, ятрышник, талас акониті. Каньон мен шаткал Жамбыл облысының табиғат мұрасының ең бай объектісі. Бұлар Республикалық "Ақсу Жабағылы" қорығына келген туристердің назарын аударып отырады
Меркі түрік ғибадатханасы
Меркі - тарихы терең, табиғаты таңғажайып өлке. Оңтүстігінде асқақтап Алатау тұрса, одан бастау алатын мың - мың бұлақ тау етегін гүл-бәйшешекке толтырып, сылдырай төмен ағады. Мың тарамданған кішігірім өзендер Меркінің солтүстігінде жатқан құмға барып сіңеді, құрдымға кетеді. Меркі, Қорағаты өзендерінің ортасында жатқан бұл мекен ықылым заманнан-ақ елдің құтты жеріне айналған. Егіншілік пен мал шаруашылығын, сауда мен кәсіпкерлікті қатар жүргізуге табиғаттың өзі жағдай жасағандықтан болар мұнда кәсіп те, сауда да, өнер де, ғылым да дамыған. Сондықтан да бұл өңірге ерте заманнан-ақ көп қызыққан, туын тігуге ұмтылған. Осы жерде берік бекініс жасап, орта ғасырдың інжу-маржанына айналған Баласағұн мен Таразға шабуыл жасаудың тиімді сәттерін күткендер де болған. Осы мақсатта Меркіден 15-20 шақырым жерде Аспарадай берік әскери қамал тұрғызылған. Меркі Ұлы Жібек жолының негізгі қақпаларының біріне айналуының басты себептерінің бірі осы болса керек.
Теңіз деңгейінен 3,5 мың метр биіктікте, Меркі өзенінің қайнарында, Әулие көлдің маңында, аңы мен құсы, табиғаты әлі бұзыла қоймаған көк шалғын жайлаудағы тарихи ескерткіштер «Меркі түрік ғибадатханасы» деген атаумен ғылымға енген.