Жаңбырдағы өлшемділік

Жаңбырдағы өлшемділік

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құран Кәрімде жаңбырдың белгілі бір мөлшерде жауатыны туралы былай делінген: ﴿وَالَّذِي نَزَّلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً بِقَدَرٍ فَأَنشَرْنَا بِهِ بَلْدَةً مَّيْتاًَ كَذَلِكَ تُخْرَجُونَ﴾

«Алла Тағала көктен белгілі бір мөлшермен су жіберуде. Біз онымен өлі бір өлкеге жан беріп, құлпырттық. Міне, сендер де осылай қайта тірілесіңдер». Жаңбырға байланысты айтылған бұл мөлшер де технология мен ғылымның дамыған біздің заманымызда табылып отыр. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, жер бетінен секундына 16 миллион тонна су буланып ауаға көтеріледі. Бұл мөлшер жылына 505 триллионды құрайды. Дәл осы мөлшер – бір жылда жер бетіне жауатын жаңбырдың да мөлшері екендігі таңдандырады.

Яғни, су әрдайым белгілі бір тепе-теңдікте айналып тұрады. Егер бұл тепе-теңдікте сәл де болса бір өзгеріс туа қалса, әлемде үлкен экологиялық ауытқулар белең алып, тіршіліктің тоқтауына әкеліп соғады. Жаңбырдағы мұндай аса бір шебер өлшем тек оның мөлшерінде ғана емес, сонымен қатар жерге түсу жылдамдығында да байқалады. Жаңбыр бұлттары ең аз дегенде 1200 метр биіктікте болады. Егер де үлкендігі мен салмағы жаңбыр тамшысындай бір зат мұндай биіктіктен құласа, жерге 558 км/сағ жылдамдықпен келіп түсер еді. Алайда, жаңбыр тамшыларының ерекше формасы бұған мұрсат бермейді. Жаңбыр бұлттары – қандай биіктікте болса да, тамшылардың жер бетіне түсетін жылдамдығы орташа алғанда 8-10 км/сағ-дан аспайды.

 Атақты батыс-шығыс ғалымдарының Құранға таңғалып, оның иләһи кітап екендігін мойындап, растауы ойланғанға ғибрат. Мысалға: C. Харт: Құранның Алла тарапынан Пайғамбарымызға (с.а.у.) уахи арқылы жіберілгендігін, Жан Поуль Роул: Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ең үлкен мұғжизасының періште арқылы жіберілген Құран Кәрім екендігін..., Виктор Имбердес: Құранның бүтін заң негіздеріне қайнар көзі бола алатындай бай кітап екендігін..., Доктор М.Букайле: Құранның көптеген ғылыми жетістіктердің негізін қамтығандығын толық зерттеп және ондағы басқа да ақиқаттарға тәнті болып, мұсылман болғандығын..., Mr. Родвел: Құранды оқыған сайын таңғалатындығын..., Гете: Бұл кітап (Құран) мәңгілік қуаткүштің қайнар көзі болып қала бермек... Капитан Кусто: «Қазіргі ғылымды он төрт ғасыр артқа тастаған Құранға ант етейін, ол – Алланың хақ сөзі» десе, Абай атамыз: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас», – деп Құранның хақ екендігін бір-ақ сөзбен тамаша түйіндеген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: