Алла Елшісінің көбінесе оқыған, бірақ кейде оқымаған сүннеттері мыналар:
1. Бесін намазынан кейінгі екі рәкаттан бұрын оқылатын қосымша екі рәкат.
2. Намаздыгер намазынан бұрын оқылатын төрт рәкат намаз. Бұл жайында Алла Елшісі былай дейді: «Намаздыгер намазынан бұрын төрт рәкат намаз оқыған адамға Алла рақым етсін».
3. Құптан намазынан бұрын оқылатын төрт рәкат намаз бен құптан намазының екі рәкатына қосымша – екі рәкат намаз. Бұл жайында Хазіреті Айша былай дейді: «Алла Елшісі (с.а.у.) құптаннан бұрын төрт рәкат намаз оқып, артынан құптан намазын оқитын. Одан кейін тағы төрт рәкат намаз оқитын. Содан кейін жатуға бет алатын».
4. «Әууабин» намазы: Бұл – Аллаға көп тәубе етуші адам деген сөз. Ақшам намазынан кейінгі екі немесе үш сәлеммен оқылатын алты рәкат намаз. Мұның дәлелі мына аят: «Раббыларың іштеріңдегі нәрсені жақсы біледі. Егер игілерден болып, жаманшылықтан бет бұрып, тәубе етсеңдер, Алла күнәларыңды кешіруші». Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім ақшам намазынан кейін алты рәкат намаз оқыса, Алла күнәларын теңіз көбігіндей болса да кешіреді».
Алла Елшісі ақшам намазынан кейін алты рәкат намаз оқыған адамның «әууабиннен» саналатынын айтып, артынан жоғарыда мағынасын беріп өткен аятты оқыған. Бұлардың бәрі – парыз намаздарға қосымша нәпіл намаздар.