Алла сараңдықты сүймейді

Алла сараңдықты сүймейді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ертеде ел ішінде сараңдығымен әйгілі болған бір кісі өмір сүріпті. Бір күні оған жақын достары қонаққа келеді. Ол олардың бұл келгенін ауырсынады, қонақасы бергісі келмейді.Өзінің де тамақ ішетін уақыты болып, мазасы кетеді. Ақыры шыдамай қызметші жігітке ас әкелуін бұйырды. Қызметші жігіт үстіне тауық еті салынған бір тостаған ғана ас әкеліп қояды. Сараң үй иесі пісірілген тауықтың басы жоқ екендігін көреді де қызметшісін шақырып, одан тауықтың басын сұрайды. Қызметші: “Пісірерден бұрын кесіп алып, сыртқа тастадым," - дейді.

Үй иесі ашуға басып: “Әй, бала! Сен менің тауықтың аяғын лақтырған адамды жек көретінімді білмейсің бе, ендеше оның басын қалай тастайсың?!” — деп айғайлайды. Содан соң одан әрі лепіріп: “Басыңа бәле келгір! Ол бастың қалған дене мүшелерінің басшысы екенін білмейсің бе? Басы болмаса әтеш қалай шақырады, бізді таңертең намазға кім оятады? Ал, оның тазалыққа мысал ретінде айтылатын көзі ше? Адамдардың шараптың тазалығын мақтап, тауық көзіне теңейтіндерін естімеп не едің? Тіске ең жұмсақ тауық басынан дәмді сүйек жоқ екенін білмеймісің? Рас, мен тауық басын жемеймін, бірақ мына келген қонақтардың бірі жер-ау деп ойламадың ба? Бар, жөнел, ол басты қорламай, лақтырған жеріңнен тауып алып кел," - деді.
Қызметші жігіт: “Рас айтамын, қожайын. Оны қайда тастағаным есімде жоқ,” - дейді сасқалақтап. Сонда оған сараң үй иесі: “Сен білмесең, мен білемін, ол басты сен қарныңа лақтырдың, ашкөз!" - деп жекіреді. Оның мұндай сорақылығын көрген қонақтары орындарынан тұрып шығып кетеді.

Ғибрат: Бұл сараң кісі, біріншіден, қонақты құрметтеу туралы Құдай Тағаланың әмірін орындамаса, екіншіден, қонаққа сый көрсету туралы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өсиетін де санадан шығарды. Сараң адам Алла Тағаладан алыс, ал тозақ отына жақын болады.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: