- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 808
#Меркі ауданы: Берекелі құрбан айт
Құрбан айт мейрамының құрметіне Меркі ауданы "Достық" мешітінің имамы Халыллаев Тойлыбайдың ұйытқы болуымен қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Құрбан айт мейрамының құрметіне Меркі ауданы "Достық" мешітінің имамы Халыллаев Тойлыбайдың ұйытқы болуымен қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Құранда: «Сонда қашан малдың жаны шықса, жеңдер де, мұқтаждарға да, мұқтаж емеске де жегізіңдер. Шүкір етулерің үшін осылайша малды еріктеріңе бердік», – десе, енді бір аятта: «Құрбан шалсын одан өздерің де жеңдер, жоқ-жітікке де жегізіңдер», – деген.
Меркі ауданы, Екпінді ауылы "Рахымбай ата" мешітіне көмек сұрап, жағдайын айтып келген мұқтаж әжеге мешіт имамы Токушбеков Серікхан апамыздың көмек сұрап келген қолын бос қайтармай, аз да болса қажетіне жаратсын деп 15 000 теңге қаржылай жәрдем беріп жіберді.
Асыл дініміз Исламда қайырымдылық атаулының ең құрметтісі уақып деп танылады. Тілдік тұрғыда «уақып» сөзі ұстау, тоқтату, кедергі болу деген мағыналарды білдіреді. Шариғатымызда белгілі бір мүлікті (жарамсыз болып қалғанға дейін) үздіксіз қайырымдылық жолында пайдалануды уақып деп атаймыз.
Меркі ауданы, Ақарал ауылы «Сыпатай Әлібекұлы» мешітінің имамы Құрамаев Бақтыбек қайырымдылық жасауын жалғастыруда.
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен Қасиетті Құрбан айт күні 70 қой құрбандыққа шалынды.