«Quiz» сөзі ағылшын тілінен аударғанда викторина, сауалнама деген мағынаны білдіреді. Мұнда қатысушылар топ болып бірігіп сұрақтарға тез, шапшаң жауап беруі керек.
«Quiz» сөзі ағылшын тілінен аударғанда викторина, сауалнама деген мағынаны білдіреді. Мұнда қатысушылар топ болып бірігіп сұрақтарға тез, шапшаң жауап беруі керек.
Қарты бар үйдің қазынасы бар демекші әр бір отырысымыз қарияларға сөз берумен басталады. Даналық үлгісі аузында Алласы бар, өмірінде құлшылығы табылған, жылы насихатымен жанды жылытатын үлгілі жандардың ортамыздан орын алуы бұл үлкен - нығметтердің бірі.
Қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылған рухани кештің құрметті қонағы Жамбыл облысы әйел-қыздар сектор басшысы Жазира Иманалиева Қордай өңіріндегі жамағатпен кездесті. Арнайы шақыртумен келген ұстазымызға құрмет көрсетіліп, сөз берілді.
«Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ-ның Әйел-қыздар секторының Жамбыл облысы бойынша жетекшісі Жазира Иманалиева ұстаздың «Сағындырған Рамазан» атты уағызы өтті.
Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде жамағатқа тәрбиелік мәні зор уағыз айтылды. Мешіттің ұстазы Абдуали Боханов «Өсек-аяң тарату, біреудің сыртынан сөз айту, ғайбат айту – қоғам үшін қауіпті әдет» деген тақырыпта насихат жүргізді.
Талас ауданы Аққұм ауылындағы «Тұңғатар» мешітінде діни білімді насихаттау және жас қари, азаншыларды қолдау мақсатында жарыс ұйымдастырылды. Байқау бірнеше номинация бойынша өтті: Құран оқу, азан шақыру және Алланың 99 көркем есімін жатқа айту.