- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 3742
Мектеп оқушылары ата діннен терең сыр ұқты.
Тараз қаласындағы 12-ші мөлтек ауданында орналасқан № 53 орта мектепте оқушылармен имани кездесу өтті.
Тараз қаласындағы 12-ші мөлтек ауданында орналасқан № 53 орта мектепте оқушылармен имани кездесу өтті.
Жуалы ауданында орналасқан Д.Қонаев, А.Герцен, Оржаникидзе, Мыңбұлақ, Гайдар, №15 орта білім беру мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларымен бас қосу ұйымдастырылып, лаңкестік пен экстримистік топтардың қоғамға алып келер қауіп-қатері мен зияндығы және олардан сақтану жолдары, алдын алу мәселесі талқыланды.
Ақпараттық түсіндіру тобының жұмыс барысында наиб имам Дәуренбек Жандосұлы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Бірімқұлов және дін проблемаларын зерттеу орталығының Қордай ауданы бойынша инспекторы Ә.Қуаныш Қарасай және Қаракемер ауыл тұрғындарымен дін тақырыбанда әңгіме өрбітті.
Қордай ауданының бас имамы Д.Қасымалиев аудан бойынша елді мекендерге іс-сапармен барды. Дастан Жақсымбетұлы ең әуелі Масаншы ауылына ат басын тіреді. Масаншы ауылында 19 000 жуық адам тұрады, 7 мешіт ҚМДБ филиалы ретінде тіркелген, сонымен қатар осы ауылда «Абдулла ибн Масғуд» қарилар орталығы орналасқан.
«Һибатулла Тарази» мешітінде көпбалалы отбасыларға арналған қайырымдылық науқаны өтті. Іс-шара аясында балалы-шағалы 15 анаға көмек ретінде 12 000 теңгеден үлестірілді. Сонымен қатар бума-бума, қап-қап азық-түліктер таратылды.
Қордай ауданының дін қызметкерлері уағыз-насихат жұмыстарына белсене кірісті. Жыл басындағы алғашқы кездесу Қақпатас ауылдық №30 орта мектеп қабырғасында өтіп, жиынға жоғарғы сынып оқушылары қатысты.