- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 809
#Жамбыл: Әйелдер жамағаты «Құранға» түсті
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің «Әйел-қыздар» жамағаты күллі мұсылман баласына қасиетті кітап «Құранға» түсті.
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің «Әйел-қыздар» жамағаты күллі мұсылман баласына қасиетті кітап «Құранға» түсті.
Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Меркі ауданына қарасты "Бекжомарт" ойын-сауық орталығына жиналған балалардың көңілдерін көтеру үшін сыйлықтар таратты.
Рысқұлов ауданына қарасты Каменка ауылында орналасқан мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығында балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Балалар - бейбіт елдің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс-шараға Рысқұлов ауданының бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы арнайы барып қатысып, жүрекжарды лебізін білдіріп, балаларға сый-сыяпат жасады. Іс-шарада балалардың көңілін көтеру үшін мерекелік әндер шырқалып, билер биленді.
Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің әйелдер сауат ашу курсының дәрістері өз мәресіне жетті. Биылғы оқу жылын тамамдаған шәкірттерден арнайы емтихан алынды.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Халал Даму" ұйымының өкілі Нұрматжан Миразизов пен технолог Абылай Ғабитұлы Тараздық шұжық өнімдері цехтарына жоспардан тыс тексеріс жүргізді.
Халал ас - Алланың әмірі болғандықтан "Халал" сертификатын алған кәсіпорындар үздіксіз тексеріс үстінде. Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Халал Даму" ұйымының өкілі Нұрматжан Миразизов пен технолог Абылай Ғабитұлы жоспарлы түрде "Әулие-ата Феникс" цехында тексеріс жұмыстарын жүргізді.