Тараз қаласы «Әл Әділ» мешітінде "Қамқор-Шарапат" салттық қызмет көрсету бағыты бойынша жамағатқа кезекті семинар өткізілді. Жерлеу рәсімі қайтыс болған адамды жер қойнына беруге арналған ережелер жиынтығы.
Тараз қаласы «Әл Әділ» мешітінде "Қамқор-Шарапат" салттық қызмет көрсету бағыты бойынша жамағатқа кезекті семинар өткізілді. Жерлеу рәсімі қайтыс болған адамды жер қойнына беруге арналған ережелер жиынтығы.
Намаз – діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы. Исламның негізгі бес парызының бірі. Намаз – өзін мұсылман санайтын кісіні Жаратушысына мойынсұндырып, қанағат пен өзге де қайырлы қадамдарға бастайтын ғибраты мол ғибадат.
Бүгін Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Ержан Аманбаев үшінші аймаққа қарайтын мешіттерді аралап, мешіттердің тыныс тіршілігімен танысты.
Жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес. Осындай сәтте жәрдемші болып жүрген мешіттер кезекті қайырымдылық шарасын өткізді.
Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылдық «Көгершін» мешіті мен Қарақыстақ ауылдық «Бәйдібек баба» мешітінің шәкірттері ақшалай сыйлықпен және мақтау қағазымен марапатталды.
Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжаппар ауылдық мәдениет үйінің кітапханасында «Әбдіжаппар» мешітінің имамы Киікбаев Ғалымжан «Діни экстремизм дегеніміз не?» тақырыбында насихат жасады.