ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Шу ауданы Төле би ауылы "Төле би" мешітіне арнайы ат басын бұрып келді. Аудандағы үлкен мешіт саналатын Алла үйінің тыныс-тіршілігімен танысып, ғимаратты аралады.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Шу ауданы Төле би ауылы "Төле би" мешітіне арнайы ат басын бұрып келді. Аудандағы үлкен мешіт саналатын Алла үйінің тыныс-тіршілігімен танысып, ғимаратты аралады.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Шу аудандық орталық "Жәми" мешітінде жамағатпен кездесті. "Бейбітшілік пен келісім" жобасы аясында ауданға арнайы ат артып келген облыстың діни көшбасшысы ауыл тұрғындарымен, жамағатпен, қызметкерлермен көрісіп, хал-ахуал сұрап, тілдесуде.
Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы мен тарихи жәдігерлерді зерттеуші Сәки Қайрат Ұзақұлы Жауғаш батырдың ұрпақтарын зиярат етіп қайтты.
Қыркүйек айының 15-ші жұлдызы Асанбай Асқаров атамыздың 100 жылдық мерейтойы. Осыған байланысты қыркүйек айының 10-11 жұлдызы атамыздың туған жері Тәтті ауылында, қыркүйектің 14-15 жұлдызы Меркі ауданының орталығында ақындар айтысы, ұлттық ойындар т.б. ұйымдастырылып, үлкен ас беріледі.
Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажының ұйымдастыруымен РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы арнайы шақырылды. «Байзақ баба» мешітінің жамағаты керемет әсерлі уағыз насихат тыңдады.
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде жазғы сауат ашу «Имани жаз» курсына қатысқан шәкірттер арасында футболдан кіші турнир өтті. Аталған спорттық кездесуді аудандық мешіттің найб имамы Жандос Дәулетұлы ұйымдастырған болатын.