Шу аудандық "Жәми" мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызының ұйымдастыруымен Рабиғул- әууал айында жамағат салауат айтып жарысты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызының ұйымдастыруымен Рабиғул- әууал айында жамағат салауат айтып жарысты.
Адам баласының есепсіз сауаптарға кенеліп, Алла Тағаланың мейіріміне бөленіп, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағатына кенелуіне себеп болатын амалдардың бірі – Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту.
Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев Абай ауылындағы "Оспаналы" мешітін зиярат етті. Өңірдің діни көпшбасшысы мешітке зерделеу жұмыстарын жүргізіп, мешіт жамағаты, ауылдың діни хал-ахуалы жайлы ақпаратқа қанықты.
Аудан әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы мен ауданның бас имамы Алмас Рысханұлы Амангелді және Тасөткел ауылының тұрғындарымен жүздесіп қайтты. Іс-сапар барысында ауданның әлеуметтік-рухани салалары зерделенді.
Шу ауданық "Жәми" мешітінің әрі өңірдің бас имамы Алмас Кенжемолдаев "Тасөткел" мешітіне зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету спектрі күшейіп, кеңейе түсуде. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда.