Бірлікүстем ауылы "Бірлікүстем" мешітінің имамы Жетпісбай Алимбеков мектеп оқушыларымен жүдесті. Оныншы сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізіп, "Дін және тәрбие" тақырыбында сүбелі ой қозғады.
Бірлікүстем ауылы "Бірлікүстем" мешітінің имамы Жетпісбай Алимбеков мектеп оқушыларымен жүдесті. Оныншы сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізіп, "Дін және тәрбие" тақырыбында сүбелі ой қозғады.
Халқымызда көне дәуірден бері келе жатқан ежелгі ғұрыптардың бірі – ас беру. Ол дүниеден өткен адамдарды еске түсіруге арналған салт. Егер ас берудің саяси-әлеуметтік астарына мән берсек, ол алдымен, шығысы мен батысына ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның аяғы талатын айшылық алыс аймақты алып жатқан қарға тамырлы қазақ елінің өзара достығы мен бірлігін жыл өткен сайын жақындата түсу, әр әулет, өңірдің салт-дәстүрін өзгелерге паш ету, қала берді қаза арқалаған ауыл-аймақ, тегіренің бастарына түскен ауыртпалығына өзгелердің ортақтасып, олардың қайғы-мұңын бөлісу, дүниеден озған игі жақсының өнегелі тұстарын ескеру арқылы оны кейінгі ұрпаққа үлгі ету, өліге деген құрмет үрдісінен туған игілікті іс екені сөзсіз.
"Ж.Жексенбай" мешітінде имам Шүкірәлі Бердібековтың ұйымдастыруымен "Алтын кітапқа" есімі жазылатын ауданның құрметті азаматтарының бірі, Ауыл ақсақалдарының төрағасы, мешіт жамағаты Тәңірберген ақсақалмен кездесу өтті.
Әрбіріміз өзіміздің ата-анамыздың, балаларымыздың, туыс-жақындарымыздың, құрбы-құрдастарымыздың және басқа да қаншама адамдардың туған күндерін қуанышпен атап өтеміз.
Шу ауданы "Төле би" мешітінің азаншысы Ибрагим Жалалиев Шу қаласында орналасқан "Айтқұл баба" мешітінің жамағатымен жүздесті. Имам "Ақырзаман белгілері" тақырыбында уағыз айтып, жұма намазын жүргізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің Әйел-қыздар секторының ұстаздары Сәуле Нұрсұлтанқызы мен Гүлжан Сағындыққызының ұйымдастыруымен "Ана болудың діндегі орны" тақырыбы аясында "Сауатты ана - сау бала" атты семинар өтті.