Бүгін "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде 1 курс студенттерінің футбол ойыны өтті. Аталған шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы, аталған оқу орнының директоры Бейбіт Мырзагелдиев қатысты.
Бүгін "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде 1 курс студенттерінің футбол ойыны өтті. Аталған шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы, аталған оқу орнының директоры Бейбіт Мырзагелдиев қатысты.
Шу ауданының имамдары арасында кіші футболдан спорттық турнир өтті. 8 топ қатысқан тартысты ойында жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты дейді төрешілер. Ұзақ та қызыққа толы ойын соңында "Тоғай" мешіті 1 орынды қанжығасына байласа, 2 орынды "Төле би" мешіті иеленді, ал 3 орынды "Еңбекші" мешіті місе тұтты.
Бүгін "Төле би" мешіті жамағатының ұйытқы болуымен жағдайы төмен, асыраушысы жоқ отбасыларға арналған қайырымдылық науқаны жасалды. Шара аясында 6 баланың жанұясына күнделікті тұтынатын қажетті заттар: 1 қап ұн, 1 қап пияз, 1 қап картоп, макарон, 5л сұйық май сынды, т.б заттар жеткізілді.
Ертеректе ғұламалардан бірі, медреседе дәріс беретін ұстазға шәкірттерін нұсқап: «Бұларға не үйретіп жатырсың?» деп сұрайды. Сонда ұстаз: «Сарф, фиқһ, хадис» деп бірталай ғылымды тізбектей жөнелтіпті. Сонда әлгі ғалым басын шайқап: «Жо-оқ! Бұларға бәрінен бұрын «білмеймін» деуді үйрет» деген екен.
Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы Құлан ауылында кішкентай баланың тұсауын кесіп, батасын берді.
Меркі ауданы, Андас батыр ауылына қарасты «Ар-Рахим» мешітінің ішкі жөндеу жұмыстары аяқталып, халыққа қызмет көрсетуде.