Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық орталық "Толымбай тегі Зиябек" мешітінде аудан бас имамы Қабылбекұлы Ғалымжанның ұйытқысымен Ораза айт мерекесіне орай қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, мұқтаждарға азық-түлік таратылды.

Еліміздің барлық мешіттерінде таңертең айт намазы оқылды. Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық орталық "Толымбай тегі Зиябек" мешітіне құлшылық жасауға келушілерге лық толды. Жамағаттың көптігі соншалық біразы сыртта тұрып, ғибадат жасады.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Алмұханбетаранжан Егізбаев арнайы құттықтау қағазымен аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет пен Қоғамдық кеңес төрайымы Баян Нәзікеқызын ораза айт мерекесімен құттықтады.
Қордай ауданы әкімі Бегзат Болатбеков Сейсенқұлұлына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бәйбіт Мырзагелдиев Әліпбекұлының ораза айтпен құттықтау хаты табысталды.
Рамазан айының аяқталуымен келетін Ораза айтының қадір-қасиеті өте ерекше. Отыз күн ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын сәті.
Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты бірқатар мешіт имамдарының ұйымдастыруымен Құлсарыға бір камаз гуманитарлық көмек жіберілді. Атырау облысы Құлсары қаласында болған су тасқыны Тұрар Рысқұлов аудан тұрғындарын да бей-жай қалдырмады.