Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы мешіт жамағатына «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасын таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, «Қажының рухани келбеті» кітабы сыйлыққа берілді.

Жамбыл облысы Меркі ауданына қарасты барлық мешіт қызметкерлері мен Меркі тұрғындары су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 75 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
Меркі ауданына қарасты «Тәтті» мешітінің имамы Көпбосынов Асхат дәріске келген мешіт жамағатына араб әріптерін жан-жақты түсіндіріп өтті.
Рамазан айында Қадір түні қарсаңында Талас ауданында "Құран түскен құтты ай" атты Құран кәрім сайысына Меркі ауданының атынан жарысқа қатысып, жүлделі бірінші орын алған ауданымыздың жас қариы Ерланұлы Ерданды Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы қабылдады.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінің имамы Рахымбек Кенжебайұлының ұйымдастыруымен жағдайы төмен 51 отбасыға айттық берілді.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлының ұйымдастыруымен мешітке халықтан жиналған жан садақасы болып табылатын пітір мұқтаждарға азық-түліктей таратылып берілді.