Меркі аудандық Меркі ата мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы мен мешіт жамағатының ұйымдастыруымен Дін мен Дәстүр аясында "Ұлттық киім" күніне орай қайырымдылық игі шарасы өтті.
Меркі аудандық Меркі ата мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы мен мешіт жамағатының ұйымдастыруымен Дін мен Дәстүр аясында "Ұлттық киім" күніне орай қайырымдылық игі шарасы өтті.
Меркі ауданы, Ауызашар уақытында «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан» жайлы жамағатқа викториналық сұрақтар ұйымдастырылды.
Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы Төтенше жағдайларды алдын алу мекемесінде болып, қызметкерлерімен кездесіп, «Дәстүр құндылығы» жайында сөз қозғап, насихат айтты.
Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылдық мешітінің имамы Қайрат Әбдіғұлұлы орта мектеп оқушыларына теріс діни ағымдардың балаға тигізер кері әсерлерін баяндап, ақпаратты түсіндіру жұмысын жасады.
Талас ауданы Тамды ауылы "Тәңкібай Ата" мешітінің имамы Нұрбол Мырзаханұлы ауылда қасиетті Рамазан айының құрметіне қайырымдылық іс-шара өткізді.
Талас ауданы Сәду Шәкіров ауылы "Байтоқты баба" мешітінің имамы Бақдәулет Оспановтың ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында ұлттық спорт ойыны "садақ атудан" жарыс ұйымдастырылды.