Oola Sportswear компаниясы мұсылман әйелдеріне арналған спорттық киімдердің топтамасын шығарды. Әуретін жаба отырып, ыңғайлы киіммен спортпен шұғылдануға арналған хиджап арнайы материалдардан тігілген.
Oola Sportswear компаниясы мұсылман әйелдеріне арналған спорттық киімдердің топтамасын шығарды. Әуретін жаба отырып, ыңғайлы киіммен спортпен шұғылдануға арналған хиджап арнайы материалдардан тігілген.
Түріктік Газиантеп провинциясындағы Сирия босқындары үшін құрылған лагерге голливуд жұлдызы Линдси Лохан барып қайтты. Әртіс сириялықтардың отбасыларымен әңгімелесіп, балаларға сыйлықтар табыс етті.
Баян-Өлгий аймағында жақында ғана халықаралық бүркітшілер бәсекесі өткен. Сонымен қатар, Моңғолияда тұратын қандастарымыз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 тауға шығу акциясын өткізді.
Германияда «Оқы!» деп аталатын ақпараттық кампания өтті. Игі бастама аясында қасиетті Құран Кәрім кітабының 3 миллионнан аса данасы неміс жұртшылығына таратылды. Осы шараға 3 мыңға жуық еріктілер қатысқан.
Татарстан тұрғындары 979,5 млн. рубль қаражат жинап, орталық Қазанда Болгар Ислам академиясын салдыруға жұмсады.
Әлемде 385 миллион бала күніне 1,9 доллармен аман қалып отыр. Бұл жайлы ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік банктың бірлескен баяндамасында айтылды. Дүниежүзіндегі ең кедей жоқшылықтың жағдайындағы балалар Африкада тұрады, одан кейінгі орында Оңтүстік-Шығыс Азия болып отыр.