Forbes журналы мұсылман әлемінде ең танымал деген 100 кәсіпкер әйелдердің тізімін жариялады. Кәсіпкер әйелдердің ішінде басым көпшілігі яғни, 28 пайызы банк саласында жұмыс жасайтындар әрі олар Саудиядан болып отыр.

Яхия ибн Файле есімді саудиялық өзінің сауатын ашу үшін арнайы мектепке барып білімін жетілдіріп жүр. Саудияда «әл-Сада» деген орталық сауат ашумен айналысады. Аталмыш орталық орта білім беретін бағдарламалар бойынша сабақ береді.
Бұл бейнежазбаға Сауд Арабиясындағы құрма ағашы өсетін бақ түсірілген. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) дәл осы құрма ағашына мұсылманды теңеген.
Ихрам киген мыңдаған бүлдіршін қажылықтың шағын нұсқасын көрсетті. Осылайша Малайзиялық 4000 балақай өте әсерлі алғашқы қажылығын жасады.
Археологтар Қызыл теңіз аймағынан бірегей үңгір тапты. Оның ерекшелігі - Египеттік бірінші мұсылман қажылар жазып қалдырған жазуларда болып отыр.
Физиология және медицина саласы бойынша Нобел сыйлығының иегері Джеймс Уотсон адамзат талай ғасырды артқа тастап, барлық салада дамуға қол жеткізсе де ғалымдардың осы уақытқа дейін обыр дертін жеңе алмай келе жатқанының себебіне үңіліпті.