Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді ҚР Парламенті Мәжілісінің кулуарында Сириядағы қазақстандықтарды елге қайтару мәселесі қалай қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді ҚР Парламенті Мәжілісінің кулуарында Сириядағы қазақстандықтарды елге қайтару мәселесі қалай қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Бішкек қаласында Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтамысовпен кездесті.
Жыл басынан бері 500-ден аса қазақстандық балаларына екпе ектіруден бас тартқан. Осыған байланысты еліміздің денсаулық сақтау министрлігі қатаң шараларға жүгінуі мүмкін. Дәлірегі, баласына екпе салдырмаған ата-аналарға қатаң шара қолдануы мүмкін.
Қазақстандық пойыздарда әйелдерге арналған купе пайда болуы мүмкін. Заңдағы тасымал құралдарына қатысты мәселелер бойынша осындай өзгерту енгізу көзделіп отыр.
Францияның Білім министрлігінің басшысы Жан-Мишель Бланкердің мәлімдеуінше, елдің мектептерінде араб тілін оқыту жоспарда тұр. Француз шенеунігі мұндай бастаманы жергілікті BFM TV телеарнасына берген сұхбатында айтып өткен.
Ислам Ньюс ресурсының мәлімдеуінше, 2013 жылы Үндістанның Уттар-Прадеш штатында орналасқан Музаффар округінде тұратын мұсылмандарға үндістер тарапынан көрсетілген қуғын-сүргін адамдардың жаппай қырылуына әкеліп соққан. Ойран салу кезінде жергілікті бір тұрғын жақтастарымен бірге ауыл мешітін жойылып кетуден сақтап қалған болатын.