ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Грецияның Салоники қаласындағы «Йени» орталық мешітінің бой көтергеніне дерлік бір ғасыр болды. Кезінде мұсылмандар осы мешітте намаз өтеп келген болатын. Жұпыны жетіп тозған мешіт араға 100 жыл салып мемлекет тарапынан қайтадан күрделі жөндеуден өтіп іске қосылуы,  мұсылмандарды ерекше қуанышқа бөледі. Осы мешіт 1902 жылы Осман империясы тұсында Италиялық сәулетшінің Виталиано Позеллидің жобасыменен тұрғызылған. 1923 жылға дейін мешіт өз жұмысын атқарып келген. Осыдан кейін түрліше жағдайларға байланысты мешітті тек көргізбе ретінде пайдаланып келген еді. Енді мұслмандардың ғибадат етуі үшін қайтадан қолданысқа беріліп отыр.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Ұлы Британияның Фэрли Дикинсон университетінде Құран кәрімге арналған арнайы жиналыс болып өтті. Жиналыста университет студенттері, Профессор, оқытушылар мен бірсыпыра ғалымдар тобы қатынасты. Жиналыста Құран кәрімнің адамзат баласына түсу тарихы, араб жазу түрлері, оқу және жаттау сырлары хақында сөз қозғалды. Жиналыста Оксфорд университеті кітапханасында сақталған бейне көрінстер және фото суреттер көпшілкке таныстырылды. Құран кәрімге жазылған түрлі тәпсірлер хақында мәліметтер берілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Американың Калифорния штатына қарасты Сакраменто қаласында «Калифорнияға исламның кіруі» атты ғылыми талқы жиналыс болып өтті.
Жиналыста мемлекеттегі барша ислам дін өкілдері және зиялы қауым қатынасты. Олар ислам дінінің бұл жерде тарқалуы және қазіргі таңда мемлекеттегі алатын орны туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, сырттан келген мұсылмандарға материялдық және рухани жәрдем беру тағы да олардың азаматтық құқығын қорғау мәселесі де талқыланды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Ислам елдері апатқа ұшыраған елдерге көрсеткен жәрдемдері жағынан БҰҰ-нан 15 есе көп болған.
Бұл мәлімет туралы, Малайзия Халықаралық университеті ислам экономикасына орай сараптауында, аталмыш оқу орнының экономика факультетінің директоры, профессор Мұхаммед Аслам Ханиф «Ислам дүниесінің бір жылда көрсеткен жәрдемі БҰҰ-ның халықаралық жәрдем пакетінен 15 есе көп» деді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
   Бүгінгі таңда Ресейде ислам дініне өтушілердің саны артып, атеистік ағымдағылардың саны кеміген. Россияда Левада сараптаушылардың есеп көрсеткіші бойынша «Атеистпін» деушілердің сан жағынан кеми түскенін жеткізеді.
Тұтас Россия мемлекеті бойынша бұрын халықтың 3% мұсылмандар ұстайтын болса, қазір 7% ке өскен.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Ыстамбұл қаласындағы Топқапы сарайында түрік елінде теңдесі жоқ кітапхананың тұсаукесер рәсімі болып өтті. Бұл жайында timeturk.com басылымы хабарлаған болатын. Сөрелеріне сонау Осман империясы заманындағы көне кітаптарды жиыстырған аталмыш кітапхана осыдан алты жыл бұрын жөндеу жұмыстарына жабылған болатын. Бүгінде туристер үшін есігі айқара ашылған керемет кітапхананың қорында қолмен жазылған көне жәдігерлердің ұзын саны -18 мың 622. Сондай-ақ, бұл кітаптардың барлығы да түпнұсқа екендігін айта кеткеніміз жөн болар.