Жұма - қасиетті һәм берекелі күн. Бұл туралы Парасат падишасы (с.а.у) хадис-шарифтерінің бірінде: «Кітап иелері өздерінен бізді төмен санағанмен, қиямет күні біздің мерейіміз үстем болады. Себебі, бізден бұрын оларға Кітап берілді. Алла Тағала оларға Жұма күнін парыз еткенмен, олар адасып басқа күндерге құрмет көрсетті. Бізге, Тәңір Тағала осы күні тура жолды көрсетті. Осы себептен де (адасқандықтан), олар артта қалып қойды. Яһудилердің ғибадат күні ертең (сенбі), ал насаралардың құлшылық күні бірсүкүні (жексенбі)» - дейді.
Толығырақ...