- НАСИХАТ
- ҚАРАЛДЫ: 1339
Әрбір мұсылман күнделікті жасауы тиіс 5 амал
Біздің күнделікті тіршілігіміздің өзі көптеген әрекеттер мен амалдардан тұрады, солардың ең үздіктері - игі амалдар болып табылады.
Біздің күнделікті тіршілігіміздің өзі көптеген әрекеттер мен амалдардан тұрады, солардың ең үздіктері - игі амалдар болып табылады.
Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Олардың жамбастары төсектерінен ажырап, (түнде ұйқыдан тұрып,) Раббыларына қорқа-дәмете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды» (32:16).
Алла Тағаланың адам баласына нәсіп еткен шексіз нығметтері үшін Алланы дәріптеуге 1 минут уақытыңызды жұмсаңыз. Бір минуттың ішінде 100 мәрте «СубханАллахи уа бихамдихи» деп зікір айтуға болады.
Басына күн туғанда адам баласының Алла Тағаладан жәрдем-көмек сұрап жалбарынуы табиғи құбылыс. Исламда бұл дұға жасау болып табылады. Дұғаны тек қиын-қыстау кезде ғана айтпайды, сондай-ақ, адам бір қуанышқа кенелгенде Аллаға разылығын білдіру үшін де айтады, яғни, Алланың шексіз берген нығметтері үшін шүкірлік етеді. Сонымен қатар, дұға тек өзі үшін ғана емес, сондай-ақ, туған-туыстары, таныстары, жора-жолдастары және бір ауыртпашылыққа ұшыраған мүлде таныс емес адамдар үшін де жасалады.
Алла Тағала біздің өмірімізді керемет нығметтерге толтырып берген. Сол себепті бұл өмірдің Алла Тағала бізге нәсіп еткен сыйы мен мейірімі екенін ешқашан есімізден шығармауымыз қажет. Және де күнделікті болып жатқан дүниелер үшін Аллаға шүкір етушілерден болуымыз керек.
Әрбір баланың өмірі мен тәрбиесінде аналардың атқарар рөлі өте маңызды, алайда бала тәрбиесінде, әсіресе, ұл баланы тәрбиелеуде, әкелердің ғана қолынан келетін дүниелер аз емес.