Туысқандарға, ата-анаға жақын келетін ағайын-жұрт, нағашы жұрт, түпкі ата жұртты жатқызамыз. Өйткені ата-анадан кейiнгi орын ағайын-туысқа тиесiлi.
Туысқандарға, ата-анаға жақын келетін ағайын-жұрт, нағашы жұрт, түпкі ата жұртты жатқызамыз. Өйткені ата-анадан кейiнгi орын ағайын-туысқа тиесiлi.
Сөзсіз, Құран аяттарын әр адам өз ойымен түсіндіруге тыйым салынады. Құран аяттарын түсіндіріп, тәпсірлеу үшін, шариғат ілімдерін жітік білу талап етіледі. Талап етілетін ілім саласы:
Ислам – адам баласына айналадағы жанды-жансыз барлық жаратылысқа қамқорлықпен, жанашырлықпен қарап, оларды заңды жолдармен және белгіленген мөлшерде пайдалануды әмір ететін дін. Демек, ол тек адамдар арасындағы емес, бүкіл жаратылыс арасындағы ғажайып үйлесімділік пен үндестік негізінде құрылған.
Қасиетті үш айдың бірі, құлшылықтарымыздың сауабы еселеніп жазылатын Шағбан айы үстіміздегі жылдың 4 наурызынан басталды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Ережептен кейінгі кезекте Шағбан айына үлкен көңіл бөлген.
Әйгілі сахаба Әли (оған Алла разы болсын) былай деген екен: «Алла Тағала алдында адамның жақсысы бол, нәпсі үшін адамның жаманы бол, адамдар үшін адамның бірі бол». Сахабаның бұл сөзі өмір сүрудің үш негізін меңзеп кеткендей.
Әдетте адам оның өміріне тек үлкен оқиғалар әсер етеді деп ойлайды. Алайда бұл пікір дұрыс емес. Біздің кез-келген кішігірім қозғалысымыз бен іс-әрекетіміз болашағымызды құрайды. Біздің бүкіл өміріміз кішкентай сәттердің байланысынан тұрады.