НАСИХАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!

Міне Аллаға шүкір, Қасиетті Рамазан айының соңғы он күндігіне де аман-есен жетіп отырмыз. Жаратқан Алла ұстаған оразаларымызды, дұға-тілектерімізді қабыл еткей!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

   Пітір садақасы - зекет сияқты мал-дүниемен жасалатын ғибадаттарының бірі болып саналып, тіпті "пітір зекеті" деп те аталды. Пітір садақасы - зекет амалы парыз болудан да алдын хижраның екінші жылы бұйырылған.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

   Қадір түні– Рамазан айының ішіне жасырылған ең абзал, мың айдан да артық, күнәлар кешірілетін, дұғалар қабыл болатын түн. Құран Кәрім осы түні түсе бастаған. Бұл түні құлшылыққа ерекше мән беріледі. Алланы көп еске алып, жасалған күнәлар үшін кешірім сұралады. Көпшілік мұсылмандар аят пен хадистердегі кейбір меңзеп айтылған сөздерге байланысты Қадір түнін Рамазан айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түнінде деп есептейді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, сауаптар еселеніп жазылатын шарапаты мен шапағаты мол ай. Рамазан айында ораза ұстау – мұсылманға міндеттелген парыз амалдардың бірі.