- НАСИХАТ
- ҚАРАЛДЫ: 1109
ҚҰРБАН ШАЛУДЫҢ МАНЫЗДЫЛЫҒЫ
Құрбан айт күндері мұсылманның атқаратын ең жақсы ісі – құрбан шалу. Пенденің шалған құрбандығы Қиямет күні оның пайдасына куәлік береді.
Құрбан айт күндері мұсылманның атқаратын ең жақсы ісі – құрбан шалу. Пенденің шалған құрбандығы Қиямет күні оның пайдасына куәлік береді.
Бисмилләһир-рахмарин рахим. Баршамызды қасиетті Құрбан айт мерекесіне аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді күллі мұсылман қауымы асыға күткен мүбәрак Құрбан айттың келуімен құттықтаймын!
Ислам діні адамдардың татулық пен ынтымақта болуын, жалпы әлемге бейбітшілік орнатуды мақсат ететін дін. Ислам діні – адамзатқа жіберілген ең соңғы кемел дін. Осындай қасиетті дінді қазақ халқы ежелден дәстүрлі дін етіп ұстанып, татулық пен ынтымақта өмір сүріп келген. Қазақстан көпұлтты мемлекеттер қатарына жатады.
Қасиетті Құрбан айт – Алла Тағалаға жақындататын, мұсылман жұртшылығының берекесі мен бірлігін паш ететін ұлық мейрам. Алла Тағала қасиетті Құранның «Фәжр» сүресі, 3-аятында:
Мұсылманның Алла алдындағы бес парызының бірі – қажылық бас бостандығы бар, балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс мұсылман әйелге де адамға парыз. Қажылыққа баратын әйелдердің дені сау, жеткілікті дәрежеде қаражаты болуы тиіс. Сондай-ақ қажылық кезінде ұстануы тиіс бірнеше шарттар бар.
Құрметті Мұсылман бауырлар! Құрбан айт мейрамына сау-саламат, аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Алла Тағаладан көпшілік болып жақсылығын тілеп, Құрбан айт мейрамының қадір қасиетін пайдаланып Жаратушы Иемізге жақындауға амал жасап, жағдайымыз келіп тұрса, мал-жан амандығына құрбан шалып, Құран Кәрімнің «Сенде Раббың үшін намаз оқы және Құрбан шал» деген аятқа амал жасайық.