Исламда қарғыс жайында не айтылған? Ата-анамыз бізге қатты ашуланғанда, ұрсып, кейде тіпті қарғап та жібереді. Олардың қарғысы бізге жете ме?
Сұрақ:Исламда қарғыс жайында не айтылған? Ата-анамыз бізге қатты ашуланғанда, ұрсып, кейде тіпті қарғап та жібереді. Олардың қарғысы бізге жете ме?
Жауап: Исламда қарғыс, қарғау – өте шетін әрі маңызды мәселе. Біреудің қарғысын алмау үшін аса мұқият болған жөн әрі біреуді қарғамас бұрын абай болу керек, өйткені қарғыстың әсері өте күшті. Егер адам айтылған қарғысқа лайық болса, оған қарғыс жетеді, ал егер адам қарғысқа лайық болмаса, онда қарғыс қайтып оралып қарғысты айтқан адамға кетеді.
Сахаба Әбу Дарда (ол кісіге Алла разы болсын) Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Адам қарғыс айтқанда, ол көкке көтеріледі, бірақ оның алдынан көк қақпалары жабылады да ол қайтадан жер бетіне түседі, алайда жер де оны қайтарып тастайды, сонда қарғыс қашып кеткісі келеді, бірақ қаша алмайды, қарғыс айтылған адамға жетеді. Егер әлгі адам қарғысқа лайық болса, онда қарғыс оған әсер етеді, ал егер ол қарғысқа лайық болмаса, онда қарғыс оны айтқан адамға барып зиянын тигізеді» (Әбу Дәуд, хадис 4905). Алла жақсы біледі.