БАӘ зиянды әдеттен болатын өлім-жітімге алаңдаулы

БАӘ зиянды әдеттен болатын өлім-жітімге алаңдаулы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дәрігерлер БАӘ тұрғындарының зиянды әдеттеріне алаңдаулы.

БАӘ дәрігерлері ел тұрғындары арасында кеңінен етек алған өлім-жітімнің жаңа үрдісіне қатты алаңдаушылық танытуда.  Белгілі болғандай, өлім-жітімге әкеліп соғатын денсаулық мәселесінің басты себебі — дұрыс емес өмір сүру салты, теңгерілмеген тамақтану және басқа да зиянды әдеттер.

Медициналық қызметкерлер мұндай шешімге соңғы алты айда орын алған өлімдерді талдау арқылы келген. 

Нәтижесінде анықталғаны, БАӘ 30-40 жас аралығындағы тұрғындардың өлімдері ұстамалы жүрек ауруынан болған екен. 

«Жүрек-қан тамырлар ауруына әкеліп соғатын дүниелер — қатты ширығу, дұрыс қойылмаған күн тәртібі және теңгерілмеген тамақтану. Семіру, темекі тарту және  дене жаттығуының  болмауы көп жағдайда жүрек ауруының серіктері болып табылады», - дейді Бурджель ауруханасының кеңесші-кардиохирургі доктор Валид Шейкер.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: