Елімізде теріс бағыттағы сайттар анықталды

Елімізде теріс бағыттағы сайттар анықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізде соңғы 2 жыл ішінде теріс бағыттағы ақпарат жариялаған 3300-ден аса интернет сайт анықталды. Бұған қоса биыл баспа өнімдерін шығаратын 136 нысанның заңға қайшы әрекет еткені белгілі болды. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Дін істері және азаматтық қоғам министрі осындай мәліметтерімен бөлісті.

Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, биыл мыңнан астам азамат теологтардың кеңесіне жүгініп, бейімделуден өткен. 300-ге жуық адам қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. Мұнан бөлек елімізде жыл сайын 30 мың баланың арнайы оқу орындарынан діни сауат ашып жүргені сөз болды.

Мұны естіген депутаттар бұл ұйымдардың дені құзырлы органдар тарапынан қадағаланбайтынын айтып, алаңдаушылық танытты. «Ал бүлдіршіндер күмәнді діни ағымдардың жетегінде кетпес үшін жауапкершлікті күшейту қажет», – дейді халық қалаулылары.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Осы орталықтардың барлығын бақылауға алып, онда қандай мәселелер бар, соны қарап, заңмен жұмыс істеп жатқандарға ешқандай сұрақ болуы мүмкін емес. Бірақ егер де балаларды түсініксіз діни орталықтардың жұмысына тартып жатқан ұйымдар болса, олармен жұмыс істеу керек. Оларға тиісті шара қолдану мәселесін депутаттар көтеріп жатыр.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

– Діни экстремизмге қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Стратегиялық құжат мемлекеттік діни экстремизмге қарсы 2013-2017 жылға дейін арналған бағдарлама қазір іске асырылып жатыр.

Теріс діни ағымды ұстанушылардың арасында 2,5 мың адам қазір біздің дәстүрлі діни сенімге қайтарылды. 

24.kz


Қасиетті Құранда: «...бірақ қанша жерден шынымызды айтсақта, бізге сенбейсіз-ау» («Юсуф» сүресі, 17-аят) деген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: