Қарт мұсылман Құранды Брайль әрпімен оқи алады

Қарт мұсылман Құранды Брайль әрпімен оқи алады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үндістанның Керала штатына қарасты Тоттумугам  қалашығының тұрғыны қарт  мұсылман Әли Баппутти Құранның Брайль әрпімен жазылған алты томдық нұсқасын сыйлағандарға дән риза әрі қуанышы шексіз.

Әли 31 жасында көз жанарынан айырылған екен, содан бері оның өміріндегі ең басты жол көрсеткіш жұлдызы  – Аллаға деген нық сенімі.

Тіпті 60 жаста болса да ол ешкімге тәуелді емес.  Таңертең тұра салып, ол үй жұмысын реттейді, қолына таяғын алып үйінен 100 метр жерде орналасқан Әл-Фаркун мешітіне таң намазын оқуға барады. Күнделікті осылай жасайды.

Таң намазын мешітте оқуға ол мектеп жасынан бастап үйренген, ал көз жанарынан айырылған Әлидің мешітке баруы күнделікті жораға айналған.

Намазын оқып болған соң, ол Брайль тілінде жазылған қасиетті Құранды оқуға кіріседі: оңаша жерге тырып алып, дөңес тұрған нүктелерді саусағымен сипап оқи бастайды.

Мешітте соқырларға арналған Құранның екі томы ғана болған, ал нүктелері тез өшіп кететіндіктен, Әли Алла Тағаладан тек Сауд Арабияда ғана табуға болатын  бұл Құранның толық нұсқасын сұраған екен.

Шамамен бір жылдан кейін қарт мұсылманның асыл арманы жүзеге асыпты.

Жергілікті мешіттің Зекет қорының әрі Корольдіктен шыққан Шанаваз есімді жамағаттың тырысуының, сондай-ақ, Малайзия құқыққорғаушысы Норма Хашимнің көмегінің арқасында  Әли Брайль әрпімен жазылған Құранның алты томын алған екен.

Айта кету керек, Медине қаласындағы король Фахд атындағы баспаханада басылып шыққан бұл Құранның  1 миллион данасы әр елдің әртүрлі ұйымдарымен алдын-ала брондалып қояды екен.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: