«Ой, Алла! Мынау адам емес; бұл біртүрлі құрметті періште-ақ қой” десті»

«Ой, Алла! Мынау адам емес; бұл біртүрлі құрметті періште-ақ қой” десті»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ой, Алла! Мынау адам емес;

Бұл біртүрлі құрметті періште-ақ қой” десті».

Бір риуаятқа сай, Зулейха Юсыптың пиғылын азғыру үшін, оның көзінше шешініп, суы толы алтын ваннаға түседі.
Вехб ибн Мунаббих былай айтқан:
- Зулейха Юсыпқа аса ынтық болатын, тіпті онымен бірге төсекке де жатқан. Сол кезде қабырға ашылып, Йақубтың бейнесі көрініп, былай деген екен: «Уа, Юсып! Надандар жасайтын істі жасама. Сен – пайғамбарсың!».  Сонда Юсып бірден төсектен тұрып кеткен екен.

Содан кейін Юсып есікке қарай ұмтылады, бірақ Зулейха оны арт жағынан ұстап алып, көйлегін жыртып тастайды.

Кабул-Ахбар былай деген: Зулейханың ұсынысынан Юсып бас тартып кетіп қалғанда, ол: «Юсып маған қастық жасады», - деп  күйеуіне шағым жасайды. Мұны естіген Юсыптың қатты берекесі кетеді. Сол кезде сол бөлмеде бесікте жатқан бір сәби, Алланың қалауымен, былай деген екен:

- Егер Юсыптың көйлегі арт жағынан жыртылса, оның айтқаны шын.

Ал Юсыптың көйлегі арт жағынан жыртылған болған.

Сонда Зулейханың күйеуі:

-  Мұның бәрі оның ісі, кешір мені, Юсып.

Болған оқиға туралы сыбыс  күллі Мысырға тарап кетеді.  Зулейханың он екі досы келіп оған:

- Сенің ғашық болған құлың бар екен ғой, - деп айтады.

Зулейха оның әрқайсысының қолына өткір пышақ ұстатып, бір-бірден тәрәнжі береді. Содан кейін Юсыпқа:

- Әдемі киініп, бізге кел, - деп бұйырады.

Юсып әйелдер отырған жерге кіріп келгенде, олар одан көздерін ала алмай қалады да таңғалғандарынан өз қолдарын қалай кесіп алғандарын білмей, былай деседі:

- Бұл адам емес, мүмкін періште шығар.

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтады:

«Ой, Алла! Мынау адам емес; бұл біртүрлі құрметті періште-ақ қой” десті» (12:31).

Кабул-Ахбар былай деген: Юсыптан жұпар иіс аңқып тұратын. Оның үлкен көздері, қалың қасы мен оймақтай ғана аузы болатын. Ол күлген кезде, оның тістері жарқырап тұратын. Юсып көшеде кетіп бара жатқанда, үйлердің қабырғаларын күннің сәулесіндей жарқырататын.

Юсыптың сұлулығы — Алланың берген сыйы еді. Сұлулықтың тең жартысын Алла Тағала Юсыпқа сыйлаған, ал қалған жартысын осы әлемге берген.  Юсыптың жүзін көрген жандар, олардың алдында періште тұр деп ойлап қалатын болған екен.

"Анварул-ашикын" кітабынан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: