Өкіл имам Қырғыз елінде өткен халықаралық конференцияға қатысты

Өкіл имам Қырғыз елінде өткен халықаралық конференцияға қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жақында Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының және Ош Мемлекеттік университетінің теология факультетінің   ұйымдастыруымен  «Жаңа ай тууының  діни және ғылыми негіздері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Қырғызстан Мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Токтомушев Мақсатбек қажы  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің айтулы конференцияға қатысуын сұрап, арнайы хат жолдаған болатын.

Конференцияға Қазақстаннан Жамбыл облысының ҚМДБ бойынша өкілі Данияр қажы Әлимұхамедұлы қатысып қайтты.  Жиынға сонымен қатар, Қырғызстан Мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Токтомушев Мақсатбек қажы, Түркия Республикасының Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Eкрем Келеш, Ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары Марсбек Ибраев, Ош облысының соты Ниязали қажы Арипов және Ош қаласының вице-мері Илиьч Эргешов, ОшМУ-нің ректоры Каныбек Исаков және көптеген имамдар мен дінтагушылар қатысты.

Конференция барысында  Қырғызстан мүфтиі Фикх  ғалымдарының жаңа айдың тууына байланысты көзқарастарына тоқталып,  шариғатымыз бойынша және жаңа технология бойынша жаңа туылған айды анықтау турасында біршама мәліметтер айтты.

Жамбыл облысынан барған өкіл имам Жұмабаев Данияр қажы жоғарыда айтылған пікірлерді құптап, «Жаңа ай тууының діни және ғылыми негіздері» деген тақырыпта баяндама оқып, әр  туылған жаңа ай мұсылмандар үшін берекеге толы болсын деген тілегін жеткізді. Сонымен қатар, Ислам тарихындағы халифалар кезіндегі айдың тууына қатысты мысалдар келтірді.

Жиын соңында түрлі пайдалы пікірлер айтылып, алдағы Рамазан айына дейін тағы бір осындай конференция ұйымдастырып,  ортақ бір пікірге келу шарасы белгіленді.

«Бұл конференцияның басты мақсаты  дін ғұламаларының жаңа айдың тууына қатысты ортақ шешімдерін талқылау. Өйткені, жаңа айдың туылуымен әлемнің барша мұсылмандары қасиетті Рамазан айын қарсы алып, шығарып салады. Сол жаңа айдың туылуымен Құрбан айт мейрамын атап өтеді. Сондықтан, осы конференция  арқылы барлық мұсылмандардың ауызбірлігін сақтап, тың мәліметтермен бөлісу жоспарымыз бар. Және осы жиынға Сіздің құрметті қонақ ретінде қатысып, өз біліміңізбен жіне тәжірибеңізбен бөлісуіңізді сұраймын», - деп жазылған Қырғыз елінің бас мүфтиі Токтомушев Мақсатбек қажының Қазақстан мұсылман діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына жолдаған хатында.

Лаура Алмаханова,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: