Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне өткізілген дәріс

Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне өткізілген дәріс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы бойынша ҰҚК бөлімшесі және аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен аудан бойынша құқық қорғау қызметкерлеріне  «Ислам және жат ағымдар» атты  дәріс ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған іс-шарада Қордай ауданының  бас имамы  Ә.Шалбай «салафизм дерті» жайлы тартымды дәріс оқыды. Өз сөзінде Ә.Шалбай «саляфиттердің» ақидадағы т.б салалалардағы негізгі қателіктеріне тоқталып, оларды ашықтап сипаттап берді.

Сөзін жалғастыра келе Ә.Шалбай «таблиғи жамағат», «хизбут-тахрир» секілді теріс ағымдардың қателіктеріне тоқталып, бұларды ажырата білу үшін құқық қорғау қызметкерлерінің өздеріне де діни сауат ашу қажеттігін баса айтты. Ә.Шалбай елімізде Елбасы мен халықтың  қолдауын тапқан, жалғыз ислами ұйым ол ҚМДБ екенін тілге тиек етіп, ҚМБД қызметкерлерімен бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: