Қордай жеріндегі Отан қорғаушылармен өткізілген семинар

Қордай жеріндегі Отан қорғаушылармен өткізілген семинар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында Гвардейский кентінте  еліміздің қорғаныс күштерінің    ірі бөлімшесі орналасқан. Осы жерде Отанының алдында борышын атқарып жүрген сарбаздар мен офицерлер құрамының  діни сауатты болуы да аса маңызды мәселе. Өйткені аталмыш азаматтар басқа ағымдар мен секталардың шырмауында кетсе әрине ұлттық қауіпсіздігімізге орасан нұқсан келері сөзсіз. Міне осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін Гвардейск гарнизонының басшылығы мен аудандық «Қордай» мешітінің қызметкерлері бірнеше жыл бойы тиімді жұмыстар атқаруда.  Бүгінгі кездесуде аталмыш жұмыстардың бір көрінісі.

Нақтылап айтсақ, Гвардейск гарнизонында «дін және қарулы күштер» атты семинар-кеңес өтті. Семинар кеңеске гарнизонның әскери контр-барлау бөлімінің жедел уәкілі Е.Кангелдиев, Гвардейск гарнизонының прокурорының көмекшісі М.Арлиев, әскери полиция басқарма басшысының  орынбасары Е.Баймұрзаев, ТарМПУ институтының ұстазы, дінтану магистрі  Т.Тұрғанқұлов, аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы, 30212,21450 әскери бөлімдерінің сарбаздары мен офицерлері қатысты. Алғашқы сөз Д.Жандосұлына берілді. Өз сөзінде Д.Жандосұлы сарбаздардың еңбегіне алғысын білдіріп, ауданымыздағы діни ахуалды  сипаттап, Ислам дінінің  басты шарттарын түсіндіріп, ел арасында іріткі салып жүрген кейбір ағымдардың теріс пиғылдарына тоқталды. Сөзін жалғастыра келе Д.Жандосұлы  ағымдар мен секталардың өз құрбандарын таңдаумен оларға әсер ету тетіктерін сипаттап беріп, олардан шығу жол өте күрделі мәселе екенін түсіндірді. Наиб имам Д.Жандосұлы сәләфия, такфир, зікіршілер, таблиғи жамағат ағымдарының  қателіктерін теологиялық тұрғыдан сипаттап беріп,  жиһад және шаһид ұғымдарын ашықтап түсіндіріп өтті. Сарбаздар мен офицерлер құрамын ҚМДБ тарапынан сарапталып, басылып шығып жатқан әдебиеттермен таныстырып, тек  ҚМДБ-ның  ресми сайттарын қолдануға шақырды. Жиналған әскер басшылары және сарбаздар Д.Жандосұлына өз алғыстарын білдіріп, осындай пайдалы жиындар әлі жалғасын табады деген сенімдерін білдірді. Еліміздің сарбаздары тек қана тәни тұрғыдан дені қарны сау  немесе қару-жарақпен жақсы қамтамасыз етілсе ғана емес, психологиялық және рухани тұрғыдан бай, өз елінің, өз дінінің жанкүйері болса баршамыз ұтатынымыз ақиқат. Лайым солай болуды нәсіп ет я Алла!

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: