Қордай имамдарының кезектен тыс жиналысы

Қордай имамдарының кезектен тыс жиналысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбайдың ұйымдастыруымен  аудан имамдары кезектен тыс бас қосуға  жиналды. Бас қосудың басты мақсаты  ол  уағыз –насихат жұмыстарының атқарылуы  және  аттестацияға дайындалу болды. Жиналыс барысында   Ә.Шалбай имамдарды  ҚМДБ тарапынан бекітілген жұма уағыздарының жоспарымен таныстырып, жұма күндері тек қана аталмыш тақырыптар аясында ғана уағыз айту қажеттігін қатаң түрде ескертті.   Ә.Шалбай жиналған имамдарды аттестация өткізудің талаптарымен таныстырып, қай анықтаманы қай мекемеден алу қажеттігін түсіндіріп, тіпті киім үлгісінің талаптарына дейін сипаттап, түсіндірді. Имамдар өз тарапынан аттестациядан өтуге дайындық жұмыстарына дереу кірісіп те кетті.

Аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: