Жақсылықта жарысқандарды жарылқайды Раббымыз!

Жақсылықта жарысқандарды жарылқайды Раббымыз!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық әрине қай уақытта болсын, қай заманда болсын ізгі істер санаттарында. Алла Тағаланың өзі осындай тек жақсылықта ғана жарысқан құлдарын жарылқайтынын өзінің кәләмі болған Құранда да, Құранның тілмашы болған ардақты елші Мұхаммед с.ғ.с хадистері арқылы жеткізген. Алла елшісі с.ғ.с өз хадисінде «Жер бетіндегілерге мейірімділік көрсетсеңдер, көктегілер де сендерге мейірімділік көрсетеді» деген, міне осыған орай бір талай іс Қордай жерінде атқарылуда.

Мұқтаждың мұңын бөліскен істердің тізбегін ұсынудамыз.
Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен демеушілердің септігімен, көпбалалы жанұяға, оның бір бүлдіршіні ауыр сырқаттанған Н.Макашева жанұясына 20 000 теңге ақшалай көмек көрсетілді. Бұған қосымша бірнеше әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 10 кг қой етінен таратылды. Қызыл партизан елді мекеніндегі «Рахман» мешітінің жамағаты және Кенен ауылдық «Кенен» мешітінің жамағаты мен имамдары өз ауылдарында тұратын мұқтаждарға қол ұшын созып, қой етінен таратты. Алла қаласа игі шаралар осымен аяқталмай, өз жалғасын табуды дұға етіп, оған Қордай діндарлары әрекет етуде. Игі істерімізге Алла жар болғай!


Дәуренбек Жандосұлы
«Қордай» Аудандық мешітінің
наиб имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: