ЕСІРТКІ ЕСТІ КЕТІРЕДІ

ЕСІРТКІ ЕСТІ КЕТІРЕДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданына қарасты Жамбыл ауылында Есірткі дегеніміз, бұл сіздің санаңызда бүлдіріп, миыңызды шайқайтын зат. Есірткі кез келген адамның мінез құлқына, денсаулығына өте зиян. Ол біресе еліктіріп, енді бірде санаңды сандалтып жібереді. Одан құтылатын бірақ жол бар ол – ешқашан есірткі қабылдамау. Есіңізде жүрсін есірткіні заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау, сату қабылдау қылмыс болып табылады.

Осыдан басыңызды аулақ ұстаңыз есірткіден сақ болыңыз деген қағидамен Ауылдық клубта ауыл имамы Исаев Зият, кітапхана меңгерушісі Сабанбаева Бибігүл, жастар ісі жөніндегі әдіскер Бауыржан Айтжановтың ұйымдастыруымен «Есірткі – есті кетіреді» атты пікір – талас кеші өтті. Кеш ауыл әкімі Ө. Жолдыбаевтың, мектеп директоры Ф. Сыздықованың, СВА меңгерушісі И. Аждүрлиеваның және Абай мектебінің мұғалімдерінің және «Ақбота» балабақшасының қызметкерлерінің, жоғары сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.


«Ұзақ ғұмыр кепілі- салауатты өмір» атты 2 бөлімнен тұратын кітап көрмесі, тақырыпқа сай суретті плакаттар ілінді. Ауыл имамы З. Исаев Есірткінің зияны жайлы айтып өтті. Осы тақырыпта ауыл әкімі Ө. Жолдыбаев, жастар ісі жөніндегі әдіскер Б. Айтжанов, СВА меңгерушісі И. Аждүрлиевалар өз ой – пікірлерін ортаға салып сөз сөйледі. Ауылдық кітапхана меңгерушісі Б. Сабанбаева есірткі жайлы айтып «Ана тілегі» атты өлеңді оқыды, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап кешті қортындылады.

Жамбыл ауылы әкімшілігінің
жастар ісі жөніндегі әдіскер Айтжанов Б.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: