Кеден қызметкерлерімен кездесу

Кеден қызметкерлерімен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы мемлекеттік маңызы бар шекара шегінде орналасқаны баршамызға мәлім. Міне осы шекараны экономикалық тұрғыдан болсын, көз ілмей  шекара сарбазы болып та, мемлекетіміздің тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген жандар аз емес. Міне кеден қызметкерлері мен шекара сарбаздарының  діни сауатын ашу бұл да маңызды бір іс болып табылады. Осыған орай «Қарасу» кеден бекетімен, сол ауылда орналасқан «Ал-Хадий» мешітінің имамы С.Аманбаевтың ұйымдастыруымен кеден қызметкерлерімен имани кездесу болды. Кездесу барысында С.Аманбаев кеденшілерге Ислам дінінің негізгі бес тірегін сипаттап, ата дініміздің құндылықтарын паш етті. Дін шапанын жамыла отыра, өз арам пиғылдарын іске асырмақ болып отырған теріс ағымдар жайлы сөз қозғалды. Кеден қызметкерлері тарапынан дін өкіліне сұрақтар қойылып, оларға мардымды жауаптар қайтарылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз  қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: