Жамағат жолдаумен жігерленді

Жамағат жолдаумен жігерленді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің сұлтаны болған қасиетті Жұма күні аудандық «Қордай» мешітіне облыстық дін істер басқармасының басшысы С.Ө Айдапкелов ат басын тіреді. С.Ө. Айдапкелов мырзамен бірге Қордай ауданы әкімінің орынбасары  Б.Т. Жамангөзөв және мекеме басшылары келді. Алла үйінің қонақтарын аудан бас имамы Ә.Шалбай күтіп алып, қонақтарды мешітте атқарылып жатқан жұмыстармен етене таныстырды.

Айдапкелов мырзаға Жұма уағызы уақытында сөз берілді. Серғали Өмірзақұлы жиналған жамағатқа Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050. Мәңгілік ел» жолдауының тармақтарымен таныстырып, облыстағы діни ахуалды сипаттап берді. Жамағат Елбасы жолдауын жылы қабылдады. Алла жазса стратегияны  асыруға қолғабыс болуға ниеттенді.

 

Дәуренбек Жандосұлы

Аудандық «Қордай» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: