Оқушылармен кездесу

Оқушылармен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай елді мекенінде орналасқан №51 орта мектебінде «дін және саясат»тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелге  аудандық «Қордай» мешітінің  наиб имамы Б. Жүсіпов, Қордай аудандық ҰҚК бөлімшесінің қызметкері М.Анарқұлов, мектеп инспекторы Е.Абдуллаев, Мектеп директорының құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары М.Т Абдрасилова және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. ҰҚК қызметкері М.Анарқұлов сөз алып, әр азамат ҚР заңына сай дін таңдау еркіндігі бар екенін ескертіп, бірақ бұл қадамда экстремистік бағыттағы ағымдардың құрбаны болып қалып, мемлекетке, қоғамға қарсы азаматтардан болудан жастарды сақтандырды.

Мектеп инспекторы Е.Абдуллаев мектеп жасындағы балалардың  қылмысқа қатысу көрсеткіштерін келтіріп,  жастарды діни тұрғыдан күнә болып саналатын, қандай да болсын  қылмысқа бармауға шақырды.Мешіт қызметкері Б.Жүсіпов жастарға Ислам құндылықтарын уағыздап, түйткілді мәселелерге тоқталып өтті. Оқушылар өз тарапынан дөңгелек үстелге қатысушыларға өздерін тебірентіп жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев  «Саясат күнде өзгереді ал – дін мәңгілік» деп  айтқан әр адамға ой салатын сөзін ұран етіп, қияметке шейін өзгермес асыл дінімізге аянбай еңбек етуге шақырамыз.

Дәуренбек Жандосұлы

Аудандық «Қордай» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: