Мәулід мерекесіне орай аудандық «Қордай» мешітінің қайырымдылық көмегі

Мәулід мерекесіне орай аудандық «Қордай» мешітінің қайырымдылық көмегі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай жерінде Мәулід мерекесі жоғарғы деңгейде аталып өтті. Ендігі осы айды құры өткізбей, сауап жинауға ынтық жандар көп. Тағдырдың тәлкегіне салынып, өмірдің қиыншылығын көріп отырған адамдар  да аз емес. Міне Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай осындай жанұялардың тізімін алып, үй-үйлерін аралап көрді. Соның ішінен жетімдер мен жесірлерді , аз қамтамасыз етілген отбасыларды таңдап алып қандай көмек көрсете алатынын жобалады.

Мұсылман бауырына қол ұшын созып, жомарттық танытып сауаптан құр қалмайын деген демеушілерді ұйымдастырып, аудандағы 6 отбасына қысқы отынына,  яғни көмір мен ағашын сатып алуға әр қайсысына 45 000 теңге, жалпы соммасы  270 000 теңге көлеміндегі қайырымдылық көмек көрсетілді. Аталмыш көмек Мәулід  мерекесінің мәнімен маңызын түсіндіріп, мерекелік көңіл-күй қалыптастыру  мақсатында   ұйымдастырылды.Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз: «Қайырымдылық істерді және оны жасаушыларды сүйіңдер, Алланың атымен ант етемін, ақиқатында ізгілік пен молшылық соларда», – деген екен. Мінекей хадиске амал етіп,  ізгілік пен молшылық амал етіп, ең бастысы Аллаһтың разылығына бөленуге асығайық.

Дәуренбек Жандосұлы

Аудандық «Қордай» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: