«Әулие-ата» мешітінде қазақша «Мәуліт шәріп» дұғасы оқылды

«Әулие-ата» мешітінде қазақша «Мәуліт шәріп» дұғасы оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаһ Тағала "Ахзаб" сүресiнің 21-аятында: "Расында сендер үшiн Алладан, ақырет күнiнен үмiттенгендер мен Алланы еске алып тұратындар үшiн Расулуллада (Мұхаммед пайғамбарда) әлбетте тамаша өнегелер бар", - десе, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Сендердiң ешбірің менi өз баласынан, әкесінен және барлық адамзаттан артық көрмейiнше (кәміл) иманды бола алмайды», - деген.

Иә, әлемге бақыт сыйлап, жарық сәуле көрсете білген Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) әлем мұсылмандары үлгі алып қана қоймай, өмірін өнеге тұтары хақ. Мұсылманның да өмірдегі басты мақсаты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне сай өмір сүру.

24.01.2014 ж. жұма күні екі дүниенің сардары болған пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы – мәуліт мерекесі құрметіне жылдағы үрдіс бойынша «Әулие-ата» мешітінің дін қызметкерлері жамағатпен бірге қазақша «Мәуліт шәриф» дұғасы оқылып, Пайғамбарға  (с.ғ.с.) сансыз салауаттар айтылды.

Өйткені, Алла «Ахзаб» сүресінің 56-аятында: «Әлбете Алла да, Оның періштелері де пайғамбарға (Мұхаммедке) салауат (дұғасын) айтады. Ей, мүминдер! Сендер де Оған салауат және сәлем жолдаңдар» - деп бұйыруда.

Бас имамы Ахметжан қажы Керімбек мәуліт дұғасы оқылудың алдында айтқан уағыз-насихатында, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ата-тегі, ата-анасы, анасының пайғамбарға жүкті болуы, әкесінің ерте дүние салуы, пайғамбардың туылуы, ер жетуі секілді оқиғаларды айта келіп, мәуліт дұғасын оқудың артықшылықтарына кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, Бас имам мәуліт шәріп оқылған соң дұғасын жасап, жиналған жамағатқа, еліміз бен жерімізге бақ-береке тіледі.

Мәуліт айындағы сауабы мол рухани іс-шаралар мұнан әрі де жалғасымын тауып, халыққа ұсыныла берері сөзсіз. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: